Тәрбие жұмысы

Жиналыс модераторы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәтбек Аманбайұлы ата-аналарға жиналыс бағдарламасын таныстырды. Лицей-интернат директоры Каракоз Енсегеновна сөз бастап, уақыт бөліп жиналысқа келген ата-аналарға алғыс білдірді. "Ашық микрафон" айдарында тәрбиеші Кенжеш Курметовна жиналысқа қатысушы ата-аналармен сұхбаттасты. "Даналық мектебі" клубының жетекшісі Балжан Зулкашевна клуб жұмысын ұйымдастыру бойынша ата-аналарға презентация жасады. Ұйымдастырушы педагог Гулнар Жонысовна "Ата-аналар мектебі" жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша баяндама жасады. Педагог-психолог Мейрамгүл Кантарбаевна "EQ және үйлесімді даму" тренингін өткізді.

Ата-аналар "Даналық мектебі" клубының жұмысына қолдау білдіріп, нәтижелі жұмыс жасау мақсатында жоспар бойынша ағарту жұмыстарын жүйелі жалғастыруға келісті.

29 қазан - «Қамқоршы  күні» мерекесі қарсаңында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының ата-аналарының қолдарымен қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатты қамқоршылық жасап отырған патронат отбасына көмек ретінде беру жоспарлануда. Қайырымдылық жәрмеңкесіне қолдау білдіріп, атсалысқан барлық ата-аналарымызға лицей-интернат әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!

Интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 7 сынып тәрбиешісі Ж.Кулмуханбетова "Жіпсіз инесіз қонжық жасау" шебер класына оқушылар қызығушылықпен қатысып түрлі сыйлықтармен марапатталды.

"Ата-аналар жексенбілігі" жобасының жоспарына сәйкес 10 "А" класс ата-анасы Бақтыгереева Жанат Білімқызы "Өнерліге өріс кең" тақырыбында шебер класс өткізді. Оқушылар қызығушылықпен қатысып,қолөнер бұйымдарын жасады.