Тәрбие жұмысы

2023 жылдың 5 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының “Педагогика және психология” бірлестігінің алғашқы отырысы өтті.
Отырыста сынып тәрбиешілеріне жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесіне енгізіліп жатқан құндылыққа негізделген “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” түсіндірілді.

Толығырақ: “Педагогика және психология” бірлестігінің алғашқы отырысы өтті

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Әрқашан күн сөнбесін" тақырыбында оқушылардың шығармашылығы мен қиялын дамыту, достық, ынтымақ, татулық қасиеттерін тәрбиелеу мақсатында асфальтқа сурет салынды. Оқушылар топтаса отырып, түстердің сәтті үйлесімін таңдау арқылы, тақырыпқа сай композиция жасап безендірді. Ұйымдастырушылар Г.Имангалиева, М.Истигулова.

Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыру және кәсіби бағдар беру мақсатында  Ақтөбе облысының білім басқармасының ықпалымен ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Ақтөбе облыстық  мамандандырылған                     физика-математикалық лицей-интернаттың 10 -11 класс ер балаларына Ақтөбе қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімінде «Ашық есік» ұйымдастырылды.

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында педагогтер арасында "Әдеби әлем" марафонын педагогика-психология бірлестігінің ұстаздары шоқ боп маздаған, асаулығы бойынан табылар қазақтың маңдайына біткен біртуар ақындарының бірі Төлеген Айбергеновтың "Ұлттық рухтың бұлбұлы" тақырыбында поэзия сағатын өткізді. Ақынның өмірдеректері, шығармалары мен өлеңдеріне шолу жасалып, "Бір тойым бар","Адамдар","Уақыт"," Ана","Ару Ана" өлеңдері мәнерлеп оқылды.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты мен “Бибарс” спорт клубының ынтымақтастық меморандумы аясында интернат тәрбиеленушілерінің кешкі мезгілдегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында бокс секциясы жұмыс жасайды.
Бокс секциясы бокстан спорт шебері Уббаниязов Аллаяр Жолдасбаевичтың жаттықтыруымен аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері өтеді.