Шебер-класс өтті

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты базасында аудан педагогтері үшін облыстық Шебер-класс өтті. Лицей-интернатының педагогтері қазақ, орыс, ағылшын тілдері, тарих, география, химия және биология пәндері бойынша «ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУ - ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТАНЫМДЫҚ КӨЗҚАРАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАСТЫ ШАРТЫ» тақырыбында үздік тәжірибелерімен бөлісті.