Ата-аналардың қолдау орталығы “Даналық мектебі” клубының алғашқы отырысы

Жиналыс модераторы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәтбек Аманбайұлы ата-аналарға жиналыс бағдарламасын таныстырды. Лицей-интернат директоры Каракоз Енсегеновна сөз бастап, уақыт бөліп жиналысқа келген ата-аналарға алғыс білдірді. "Ашық микрафон" айдарында тәрбиеші Кенжеш Курметовна жиналысқа қатысушы ата-аналармен сұхбаттасты. "Даналық мектебі" клубының жетекшісі Балжан Зулкашевна клуб жұмысын ұйымдастыру бойынша ата-аналарға презентация жасады. Ұйымдастырушы педагог Гулнар Жонысовна "Ата-аналар мектебі" жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша баяндама жасады. Педагог-психолог Мейрамгүл Кантарбаевна "EQ және үйлесімді даму" тренингін өткізді.

Ата-аналар "Даналық мектебі" клубының жұмысына қолдау білдіріп, нәтижелі жұмыс жасау мақсатында жоспар бойынша ағарту жұмыстарын жүйелі жалғастыруға келісті.