Тәрбие жұмысы

2023 жылдың 23 қараша күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында "The best couple of FM" "Физ-маттың ең үздік ханзадасы мен ханшайымы" атты фестивалі 6-10 сынып оқушыларына ұйымдастырылды.

Мақсаты: жастардың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттырып, өнерге, еңбекке тәрбиелеу.

Фестиваль кезеңдері:
1."Биле, биле"
2."Өнерлі өрге жүзер"
3."Сұлулықтың сыры"

Толығырақ: Физ-маттың ең үздік ханзадасы мен ханшайымы

Білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында «Төрт тоқсан, төрт өнер» жобасы аясында 2023 жылдың 17 қараша күні «Бабалар салған ізімен» атты республикалық ұлттық ойындар челленджі ұйымдастырылды. Челленджде «Бес табан», «’Бес асық’ ойындары ойнатылды.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары негізінде 2023 жылдың қараша айының 13 жұлдызында 8-10 класс қыз балаларымен қыз балаларға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныш-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіріп, адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерін дамыту мақсаттарында «Алтын алқа» иегері, ҚР Құрметті азаматы, «Мерейлі отбасы» байқауының гран- при иегері, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалінің иегері, Қазақстанның «Ең үздік әйел» орденінің иегері, Жоғары сот төсбелігісінің иегері, «ҚР еңбек сіңірген қызметкері және ҚР мәртебелі маманы атағын» Елбасы марапаттаған, «Бақытты отбасы» орталығының медиаторы Әбділдаева Бибігүл Әбдішүкірқызымен "Қызым, сен тыңда!" тақырыбында дөңгелек үстел 100 сұрақ форматында өтті.
✅Дөңгелек үстелді лицей-интернатымыздың директоры Тлеумагамбетова Каракоз Енсегеновна ашып, қадірменді, батыр ана Бибігүл Әбдішүкірқызы лицей-интернаттың қыз балаларының көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, өмірлік кеңестерін, ақ батасын берді.
✅ Дөңгелек үстел әлеуметтік педагог Имангалиева Гулнар Жонысовна және психолог Истигулова Мейрамгул Кантарбаевнаның ұйымдастырумен қыз бала психологиясын тереңірек ұғындыра отырып, «Қазақ қызының моделін» құрастыруымен жалғасын тапты.
✅«Сырғалым» қыздар клубының жетекшісі Нугманова Кенжеш Курметовна «Қыз өссе- елдің көркі» рефлексиясымен дөңгелек үстелді қорытындылады.
✅ Лицей-интернат қыз балалары дөңгелек үстелде түйіндеген ойларын ашық жеткізіп, Бибігүл Әбдішүкірқызына ризашылықтарын білдірді.
Дөңгелек үстел соңы ақын Ақұштап Бақтыгерееваның "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек" деген дана ойымен ұштасты.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында "Ата-аналар жексенбілігі" жоспарына сәйкес 15 қараша " Ұлттық валютаның 30 жылдығына" орай  9"Б" сыныбының ата-анасы , "Жусан Банкі" АҚ Ақтөбе филиалының қызметкері Тюменова Замира  Бақытжанқызы сыныптан тыс шара өткізді. Мақсаты: лицей-интернат білім алушыларының ақша және теңге қолданысы туралы түсініктерін қалыптастыра  отырып, қаржылық сауаттылықтарын арттыру. Шара барысында теңгенің даму тарихы, алғашқы банкноттардың түрлері және  қазіргі теңгенің қолданысы туралы  баяндалды. Сабақ соңында қазақтың " Теңге алу" ойыны негізінде кері байланыс жасалды.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбындағы ата-аналар жиналысында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы бойынша «Даналық мектебі» клубына мүше ата-аналар бағдарлама аясындағы алғашқы тақырыптар бойынша баяндама жасады.

6-9 сыныптардың ата-аналары үшін: «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында баяндама оқыған ата-аналар:
6 «А» сыныптан – Жұбанышев Әли Тыныштықұлы
6 «Б» сыныптан – Шуакбаева Алия Каирбаевна
7 сыныптан – Баймурзин Нурлан Бакытжанович
8 сыныптан – Берденова Мира Избасаровна
9 «А» сыныптан – Наубетова Лаура Камашевна
9 «Б» сыныптан – Нурмашева Гульнара Буржановна

10-11 сыныптардың ата-аналары үшін «Боламын деген баланың бетін
қақпа, белін бу...» тақырыбында баяндама оқыған ата-аналар:
10 «А» сыныптан – Барманов Галымжан Серикович
10 «Б» сыныптан – Эльмира Құламанова
11 «А» сыныптан – Лаззат Дюсенғалиева
11 «Б» сыныптан – Қырмызы Еримова

Ата-аналар жиналысына қатысып, Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында баяндама жасаған белсенді ата-аналарымызға лицей-интернат әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.