Тәрбие жұмысы

Отбасы күнін мерекелеу аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қыркүйек айының 13 жұлдызында "Салауатты отбасы-жарқын болашақ кепілі" атты 6-7 сынып ата-аналары мен балалары арасында тимбилдинг ұйымдастырылды. ????Шара жаңадан қабылданған оқушылар мен ата-аналар арасында достық, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өтті. ❇️Лицей-интернат директоры К. Е. Тлеумагамбетова тимбилдингті ашып, топтарға сәттілік тілей отырып, белсенді ата-аналарға алғыс білдірді. ❇️Нәтижесінде: ????Бас жүлде "Шаңырақ" тобы 7 "Б" сынып ????1 орын "Достық" тобы 6 "Б" сынып ????2 орын "Қыран" тобы 6 "А" сынып ????3 орын "Бірлік" тобы 7 "А" сынып ❇️Белсенділік танытқан ата-аналарға, оқушыларға, қолдау білдірген тәрбиешілерге шексіз ризашылық білдіреміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына жолдауы 2024 жылдың қыркүйек айының 13 жұлдызында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты ұжымында кеңінен талқыланды.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының мемлекеттік мүдделі органдармен бірлесіп атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін 22 ақпан күні Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы РҚБ филиалының басшысы Мустафина Асель Сагингалиевнамен "Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз" тақырыбында 9 сынып оқушылары кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты: “Сыбайлас жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Кездесу барысында Асель Сагингалиевна медиа-орталықтың жұмысы туралы сонымен қатар жемқорлыққа қарсы облыс көлемінде жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Оқушылар спикерді мұқият тындап, баяндама ақталған соң өздерін ойландырған сұрақтарын қойды. Жиын соңында оқушылар кездесуден алған әсерлері мен түйген пікірлерін айтып кері байланыс жасады.
Сынып тәрбиешілері Айетова Балжан Зулкашевна және Нугманова Кенжеш Курметовна.

 

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 10 "Б" сыныбында 2024 жылдың 19 қаңтар күні «Бала тәрбиесі - отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қозғалды:
1. ІІ оқу тоқсаны бойынша сыныптың оқу үлгерімі, тәртібі бойынша сынып тәрбиешісі Р.Туреханова ақпарат берді.
2. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Ақтөбе қаласы Полиция Басқармасы Жергілікті полиция бөлімі Ювенальдық полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Маликова Гульдана Руслановна мен Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы # 2 ҚПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция капитаны Жасұлан Абатұлы Сабыртай ата-аналарға ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
3. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша ағарту жұмысы бойынша «Даналық мектебі» клубына мүшесі Сарсенбаева Алтынгул Айткалиевна «Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы» тақырыбында баяндама жасады.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні лицей-интернаттың кәмелет жасқа толмағандар істері  жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Бисенов Мадияр Байқадамұлы мен №2 Сазды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Мухамбетказина Аймереке Нурмуханқызы 6-11 сынып оқушыларымен кездесіп, оларға құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ағарту жұмысын жүргізді. Ағарту жұмысы кезінде оқушыларға түнгі мезгілде көшеде белгіленген уақыттан кейін жүрмеу, зиянды заттардан аулақ болу, әлімжеттік, бопсалау жасамау, үшкір және кескіш қаруларды өздерімен бірге алып жүрмеу, сабақтан себепсіз қалмау тақырыптары бойынша түсіндіріліп, кеңестер берілді.