Мектеп тарихы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Қаралды: 3812
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық
мектеп-интернат тарихы
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмысын 1996 жылы бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің 24.05.1996 жылғы «Дарынды балалар үшін мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету туралы» №3002 жарлығы негізіндеАқтөбе облысы әкімінің №318(16.07.96) бұйрығымен ашылған. ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің №901 (15.09.2000) бұйрығымен «Дарынды балалар үшін арнаулы мектептержүйесіне» енгізілді.Осы уақыт аралығында мектеп-интернаттың өзіне тиесілі ғимараты болмағандықтан, 1996 жылдан бастап 2013 жылдың тамыз айына дейін Ақтөбе қаласының 11-мөлтекауданындағы балабақша ғимаратында жұмыс жасады. 2013 жылдың тамыз айында Ақтөбе қаласы К.Нокин ауылындағы аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаттың ғимаратына көшірілді. 2013-2014 оқу жылында мектеп-интернат 60 педагог, 30 шаруашылық қызметкерімен толыққанды жұмыс жасады. Осы оқу жылында 6-11-сыныптар аралығында 10 сынып-жиынтығымен 220 оқушы оқытылды және интернатта 200 оқушы орналастырылды. Алайда К.Нокин ауылындағы аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаттағы жылу жүйесінің жұмыс жасамауы және ғимараттың апаттық жағдайда болуына байланысты 2014 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе қаласының 12 мөлтекауданындағы №43 мектеп-балабақшасының ғимаратына уақытша көшірілді. Балабақша ғимараты ауқымының тарлығы әрі мектеп-интернат талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, 2014-2015 және 2015-2016 оқу жылдарында 8-сынып жиынтығымен 172 оқушы оқытылды. Соның салдарынан осы екі оқу жылында 6-7-сыныптарға оқушы қабылданбады, осы жылдары педагог қызметкерлердің де, шаруашылық қызметкерлерінің саны азайды.2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында «Ақбөбек» балалар оқу-сауықтыру орталығының ғимараты 5 жылдық мерзімге жалға берілді. Мектеп-интернат 2017-2018 оқу жылынан бастап қалыпты түрде, толыққанды, жаңашылдықпен жұмыс жасауға бет бұрды. 6-11-сыныптар аралығында конкурстық негізде жаңадан оқушылар қабылданды. Педагогтар құрамы жас мамандармен толықтырылды.Осы оқу жылдарынан бастап оқушылар мен мұғалімдердің түрлі білім,ғылым сайыстарының республикалық, халықаралық деңгейлері бойынша жетістіктері жоғарылай түсті.
р/с |
Оқу жылы |
Орналасқан мекені |
Педагог қызметкер саны |
Шаруашы-лық қызметкер саны |
Оқушы саны |
1 |
1996-2013жж |
Ақтөбе қаласының 11-мөлтекауданындағы балабақша ғимаратында |
58 |
40 |
220 |
2 |
2013-2014 жж |
Ақтөбе қаласы К.Нокин ауылындағы аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаттың ғимараты |
58 |
40 |
220 |
3 |
2014-2016 жж |
Ақтөбе қаласының 12 мөлтекауданындағы №43 мектеп-балабақшасының ғимараты |
44 |
30 |
172 |
4 |
2016-2020 жж |
Мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында «Ақбөбек» балалар оқу-сауықтыру орталығының ғимараты |
50 |
42 |
255 |
Мектеп-интернат оқу-тәрбие үрдісіндегі нәтижелеріне сәйкес 2017 жылы республикалық «Үздік интернаттық білім беру ұйымы» номинациясы бойынша «Білім ұясы» конкурсының жеңімпазы, республикалық «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы» конкурсының жеңімпазы, облыстық «Мектеп жанындағы жазғы лагерь» конкурсының Бас жүлде иегері, 2018 жылы «Үздік облыстық білім беру ұйымы» номинациясының ІІ орын иегері, 2019 жылы «Үздік инновациялық мектеп» атауы бойынша І орын иегері, 2017, 2018, 2019, 2020 оқу жылдарында жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі бойынша «Үздік инновациялық мектеп», 2020 жылы «Үздік орта білім беретін ұйым» грантының иегері атанды.
Бүгінгі күні мектеп-интернатта барлығы 90 қызметкер жұмыс жасайды.Соның ішінде 50-і педагог қызметкерлер, 40-ы шаруашылық қызметкерлері. 2021-2022 оқужылындамектеп-интернатта 10 сынып жиынтығымен, 256 оқушы білім алуда.Соның ішінде 80 оқушы ауылдық елді мекендерден, 78 оқушы қала маңы мекендерінен келіп оқыса, 97 оқушы қаланың тұрғындары.Интернатқа орналасуға 152 орынға сұраныс болғанымен, қазіргі сыйымдылығына байланысты ауылдық және қала маңы мекендерінен келіп оқитын 130 оқушы ғана орналастырылған.Интернат ғимараттың 4-қабатында орналасқан, жалпы ауданы640,8м2 құрайды.Негізгі жатын бөлмелердің ауданы 347,1 м2, бұл 87 оқушыға арналған.
Мектеп-интернатта 50 педагог қызметкер жұмыс жасайды. Олардың барлығы да жоғары білімді, соның ішінде 3 - педагог-шебер, 15 - педагог-зерттеуші, 11 педагог-сарапшы, 6 педагог-модератор, 1 жоғары , 1 бірінші біліктілік санатты мұғалімдер қызмет жасайды. Педагог қызметкерлер арасында «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері» - 1, «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері – 5, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері – 1, ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының иегерлері - 9, ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатының иегерлері – 11.
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне елеулі үлес қосқаны үшін Республикалық «Үздік педагог» атағын 2018 жылы математика пәні мұғалімі О.Саржанов, 2017 жылы химия пәні мұғалімі Р.Аяуова иеленсе, 2019 жылы облыстық деңгейде «Үздік педагог» атағын ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Нургазина, 2020 жылы облыстық деңгейде «Үздік педагог» атағын физика пәні мұғалімі Б.Бозшин, 2020 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Кулымов «Ақтөбе облысының Құрметті ұстазы» құрметті атағын, 2021 жылы тарих пәні мұғалімі Б.Сагингалиева «Ақтөбе облысының үздік педагогы» атағын иеленген.
Соңғы үш оқу жылында педагогикалық шеберліктерін шығармашылықпен ұштастыра білген ізденімпаз ұстаздар Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсында 2017 жылы физика пәні мұғалімі К.Тлеумагамбетова ІІ орын, тарих пәні мұғалімі Б.Еңсегенова ІІІ орын, 2018 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Камбарова ІІІ орын, 2019 жылы физика пәні мұғалімі Б.Бозшин, 2020 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Кулымов ІІІ орын, математика пәні мұғалімі А.Жолмағанбет ІІІ орынды иеленген.
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсында 2019 жылы физика пәні мұғалімі Б.Бозшин ІІІ орын, физика пәні мұғалімі Б.Сулейманов ІІІ орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Советбаева ІІІ орынды иеленді.2019 жылы І Республикалық «Үздік педагог» педагогика олимпиадасында математика пәні мұғалімі Е.Арызахметов І орынға ие болған. 2018 жылы Алматы қаласында өткен VI Халықаралық математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауында физика пәні мұғалімі Б.Сулейманов ІІІ орынды иемденді. 2019 жылы республикалық «Математикалық регата» олимпиадасында математика пәні мұғалімі Е.Арызахметов ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері облыстық, республикалық деңгейдегі пәндік қашықтық олимпиадалары, педагогикалық байқаулардан жүлделі орындарға ие болған.Сол сияқты облыстық педагогикалық олимпиадаға қатысқан физика пәнінің мұғалімдері Ә.Насан ІІІ орын, А.Тілеп ІІ орын, география пәнінің мұғалімі И.Ысымова ІІІ орын, АӘД пәнінің мұғалімі И.Көбенов І орын, тарих пәнінің мұғалімі Б.Сагингалиева І орын, химия пәнінің мұғалімі Р.Аяуова ІІІ орынға ие болды.
Мектеп-интернат мұғалімдері өздерінің педагогикалық ізденіс бағытындағы біліктіліктерін арттыру және жетілдіру мақсатында облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі конференция, форум, педагогикалық көрме, байқау, оқулар мен семнарларға белсене қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісуде. Осы бағытта мектеп-интернат педагогикалық ұжымы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік және қосымша білім беру орталығы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе отырып, облыстық деңгейде оқыту-тәжірибелік семинарлар, семинар-практикумдар, дөңгелек үстел, тәжірибе алмасу сағаттарын өткізіп келеді.Мұғалімдердің педагогикалық ізденісі мен шығармашалық зерттеу бағытындағы жұмыстары әдістемелік құрал, көмекші құрал, электронды орта, сабақ үлгілері жинақталып, іс-тәжіриелері облыс, республика көлемінде таратылып, жарияланды.
2020-2021 оқу жылындағы көрсеткіштер бойынша білім сапасы – 99,2% көрсетті. 2017-2018 оқу жылында 6 оқушы «Алтын белгіге», 13 оқушы «Үздік аттестатқа», 2018-2019 оқу жылында 5 оқушы «Алтын белгіге», 10 оқушы «Үздік аттестатқа», 2019-2020 оқу жылында 9 оқушы «Алтын белгіге», 10 оқушы «Үздік аттестатқа», 2020-2021 жылы 13 оқушы «Алтын белгіге», 5 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды. Мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы бойынша орташа ұпай көрсеткіші 2017-2018 оқу жылында – 102,8 ұпай, 2018-2019 оқу жылында – 99,8 ұпай,2019-2020 оқу жылында 83,7 ұпай, 2020-2021 оқу жылында 98,7 ұпай.
2017-2018 оқу жылында – 35 оқушы, 2018-2019 оқу жылында – 36 оқушы, 2019-2020 оқу жылында - 33 оқушы, 2020-2021 оқу жылында – 23 оқушы мемлекеттік грант бойынша жоғары оқу орындарына түскен. Сонымен қатар 2017-2018 оқу жылы – 4 оқушы, 2018-2019 оқу жылында – 4 оқушы, 2019-2020 оқу жылы – 5 оқушы, 2020-2021 оқу жылында - 5 оқушы алыс-жақын шет елдердегі жоғары оқу орындарында, соның ішінде , Ресей Федерациясында,Украина республикасында, Латвия, Түркия, Чехословакия , Қытай ХР, Польша, Малайзия елдеріндегі жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруда.