"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында сынып сағатын өткізді

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 8 сынып оқушылары "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты кезінде ер балалар сыныптас қыздарының жақсы қырларын бағалап, қыздарды қалай құрметтейтіндіктері туралы айтты. Сонымен қатар қыз балалар туралы мақалдар айтып, сынып тәрбиешісі қыздарға түрлі кеңестер берді. Сынып тәрбиешісі Кушикбаева Айсұлу Куандыковна.