- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 16 Қыркүйек 2023
-
Қаралды: 17
Отбасы күні аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" атты тимбилдинг ұйымдастырылды. Шара жаңадан қабылданған оқушылар мен тәрбиешілерінің және ата-аналардың арасындағы достық қарым-қатынасын, ынтымақтастықты арттыру мақсатында өтті. Лицей-интернат директоры Қ. Е. Тлеумагамбетова тимбилдингті ашып, топтарға сәттілік тілеп, белсенді ата-аналарға алғыс білдірді. Тимбилдингке 6 "А" сыныбынан Исмурзиндер мен Қызырбектер отбасы сынып тәрбиешісі К.Жазықбаева, 6 "Б" сыныбынан Кульниязовтар мен Кенжебаевтар отбасы сынып тәрбиешісі Т.Алдоңғарова, 7 сыныбынан Баймурзиндер мен Бертазиндер отбасы және сынып тәрбиешісі Ж. Кулмуханбетова қатысты. Нәтижесінде: 1 орын-"Шаңырақ" тобы 6 "Б" сынып;
2 орын-"Береке" тобы 6 "А" сынып
3 орын- "Бірлік" тобы 7 сынып.
Әділ-қазылар алқасында "Ұлағат" әкелер кеңесінің белді мүшесі С. Қыстаубаев төрелік етті. Белсенділік танытқан ата-аналарға, қолдау білдірген тәрбиешілерге шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 07 Қыркүйек 2023
-
Қаралды: 24
"Жақсылық жаса!" ұранымен өткізіліп жатқан биылғы "Мектепке жол" республикалық акциясы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында да өткізілді. Акцияның мақсаты - көп балалы отбасыларға, балаларға әлеуметтік жағдайлары бойынша мектепке бармаудың алдын алу. Шараға жүрегі жылылыққа толы әрбір ісінде қайырымдылық оты бар ата-аналар, атап айтқанда, Бактыгалиева Айнура, Советбаева Камшат, Аскарова Жумагул, Берсугирова Шолпан, Нургалиева Баян көмек қолдарын созды.Қолдау білдірген ата-аналарға лицей-интернат әкімшілігі атынан ризашылығымызды білдіреміз.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 01 Қыркүйек 2023
-
Қаралды: 17
📕Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 6-11 кластарында сынып жетекшілері мен сынып тәрбиешілерінің қатысуымен “Мектебім - мейірім мекені !” тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттары өтті.
📘Сынып сағатының соңында лицей-интернат директоры Карагоз Енсегеновна оқушыларды білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сонымен қатар лицей-интернат табалдырығын биыл аттаған 6 класс оқушыларының ата-аналарымен кездесті.
📗Лицей-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәтбек Аманбайұлы оқушыларға лицейдің ішкі тәртіп ережелерін таныстырды, құқық қорғау органдарынан келген мамандар құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша баяндама жасады.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 01 Қыркүйек 2023
-
Қаралды: 11
🔔Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 1 қыркүйек - Білім күніне арналған “Мектебім - мейірім мекені !” атты салтанатты жиын өтті.
🔔Жиынға құрметті қонақтар Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шаңғұтов Серік Тілеулесұлы мен “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілі Адилханова Марал Тенеловна қатысты.
Толығырақ...