Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Қараша 2023
-
Қаралды: 239
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында ағымдағы жылдың 10 қараша күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында І оқу тоқсаның қорытындылуға арналған ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа барлығы 124 ата-ана қатысты. Сынып тәрбиешілері жиналыстың күн тәртібінде төмендегідей мәселелерді ата-аналармен бірге талқылады:
1. І оқу тоқсаны бойынша сыныптың оқу үлгерімі, тәртібі.
2. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша түсіндіру жұмысы .
3. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы бойынша «Даналық мектебі» клубына мүше ата-аналар бағдарлама аясындағы алғашқы тақырыптар бойынша баяндама жасады.
4. «Орта буындағы жаңа оқушы» бейімделу жұмыстары бойынша лицей-интернат психологі М.Истигулова 6»А», 6»Б» кластарымен жүргізілген жұмыстарын ата-аналарға таныстырды. Оның ішінде оқушының мінез-құлық ерекшеліктері, ортамен қарым-қатынасы, оқуды игерудегі таным үрдістерінің деңгейлері мен қызығушылықтары, психоэмоционалдық жай-күйі т.б. жұмыстар қозғалып, бала тәрбиесінде ата-аналарға психологиялық кеңес, ұсыныстарын жеткізді.