Тәрбие жұмысы

Бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының оқушылары Ақтөбе қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының оқушыларымен волейболдан жолдастық кездесу өткізді.
🏐Жолдастық кездесудің мақсаты – қала мен облыс мектептері оқушылары арасындағы қарым-қатынасты күшейтіп, әр жеке тұлғаның өздеріне деген сенімділіктерін арттыру.
🏐Лицей-интернатымыздың 8 сынып оқушылары мен Д.Қонаев мектеп-гимназиясының 8 "Б" сынып оқушылары арасындағы волейбол ойыны тартысты өтті.
🏐Жолдастық кездесуге келген оқушыларға және ұсыныс білдіріп, волейбол ойының өткізуге ықпал жасаған олардың сынып жетекшісі Бауыржан Талғатұлына алғысымызды білдіреміз!
🏐Болашақта осы кездесу дәстүрге айналып, бірнеше команда қатысатын үлкен жарысқа айналуына тілектеспіз!
🏐Жатақхана тәрбиеленушілерінің сабақтан тыс демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға және оларға жаңа достар табуға септігі молынан тиетін осындай шараны ұйымдастыруға үлес қосқаны үшін 8 сынып тәрбиешісі Кушикбаева Айсұлу Куандыковнаға алғыс білдіреміз!
🏐Сонымен қатар қонақтарға лицей-интернатымызды жақынырақ танысу үшін шағын саяхат ұйымдастырылды.

2023 жылдың 23 қараша күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында "The best couple of FM" "Физ-маттың ең үздік ханзадасы мен ханшайымы" атты фестивалі 6-10 сынып оқушыларына ұйымдастырылды.

Мақсаты: жастардың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттырып, өнерге, еңбекке тәрбиелеу.

Фестиваль кезеңдері:
1."Биле, биле"
2."Өнерлі өрге жүзер"
3."Сұлулықтың сыры"

Толығырақ: Физ-маттың ең үздік ханзадасы мен ханшайымы

Білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында «Төрт тоқсан, төрт өнер» жобасы аясында 2023 жылдың 17 қараша күні «Бабалар салған ізімен» атты республикалық ұлттық ойындар челленджі ұйымдастырылды. Челленджде «Бес табан», «’Бес асық’ ойындары ойнатылды.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары негізінде 2023 жылдың қараша айының 13 жұлдызында 8-10 класс қыз балаларымен қыз балаларға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныш-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіріп, адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерін дамыту мақсаттарында «Алтын алқа» иегері, ҚР Құрметті азаматы, «Мерейлі отбасы» байқауының гран- при иегері, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалінің иегері, Қазақстанның «Ең үздік әйел» орденінің иегері, Жоғары сот төсбелігісінің иегері, «ҚР еңбек сіңірген қызметкері және ҚР мәртебелі маманы атағын» Елбасы марапаттаған, «Бақытты отбасы» орталығының медиаторы Әбділдаева Бибігүл Әбдішүкірқызымен "Қызым, сен тыңда!" тақырыбында дөңгелек үстел 100 сұрақ форматында өтті.
✅Дөңгелек үстелді лицей-интернатымыздың директоры Тлеумагамбетова Каракоз Енсегеновна ашып, қадірменді, батыр ана Бибігүл Әбдішүкірқызы лицей-интернаттың қыз балаларының көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, өмірлік кеңестерін, ақ батасын берді.
✅ Дөңгелек үстел әлеуметтік педагог Имангалиева Гулнар Жонысовна және психолог Истигулова Мейрамгул Кантарбаевнаның ұйымдастырумен қыз бала психологиясын тереңірек ұғындыра отырып, «Қазақ қызының моделін» құрастыруымен жалғасын тапты.
✅«Сырғалым» қыздар клубының жетекшісі Нугманова Кенжеш Курметовна «Қыз өссе- елдің көркі» рефлексиясымен дөңгелек үстелді қорытындылады.
✅ Лицей-интернат қыз балалары дөңгелек үстелде түйіндеген ойларын ашық жеткізіп, Бибігүл Әбдішүкірқызына ризашылықтарын білдірді.
Дөңгелек үстел соңы ақын Ақұштап Бақтыгерееваның "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек" деген дана ойымен ұштасты.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында "Ата-аналар жексенбілігі" жоспарына сәйкес 15 қараша " Ұлттық валютаның 30 жылдығына" орай  9"Б" сыныбының ата-анасы , "Жусан Банкі" АҚ Ақтөбе филиалының қызметкері Тюменова Замира  Бақытжанқызы сыныптан тыс шара өткізді. Мақсаты: лицей-интернат білім алушыларының ақша және теңге қолданысы туралы түсініктерін қалыптастыра  отырып, қаржылық сауаттылықтарын арттыру. Шара барысында теңгенің даму тарихы, алғашқы банкноттардың түрлері және  қазіргі теңгенің қолданысы туралы  баяндалды. Сабақ соңында қазақтың " Теңге алу" ойыны негізінде кері байланыс жасалды.