- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 03 Қараша 2023
-
Қаралды: 252
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 8 сынып оқушылары "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты кезінде ер балалар сыныптас қыздарының жақсы қырларын бағалап, қыздарды қалай құрметтейтіндіктері туралы айтты. Сонымен қатар қыз балалар туралы мақалдар айтып, сынып тәрбиешісі қыздарға түрлі кеңестер берді. Сынып тәрбиешісі Кушикбаева Айсұлу Куандыковна.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 28 Қазан 2023
-
Қаралды: 286
Елімізде 29 қазан қамқоршылар күні екені белгілі. Осы орайда Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының "Лицей Парламенті" қамқорлық фракциясының өкілдері Сейтманбетова Инжу мен Серикова Акниет және ұйымдастырушы педагог Г.Имангалиева, ата-ана Ғалымжан Сериковичтың қолдауымен 28 баланы қамқорлықтарына алып, тәлім-тәрбие беріп отырған Жетесовтер отбасына барып мерекемен құттықтады, лицей-интернат директорының атынан алғыс хатпен марапаттады. Қайырымдылық жәрмеңкесінен жиналған қаражат есебінен сыйлық сертификат табыстады.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 28 Қазан 2023
-
Қаралды: 303
Жиналыс модераторы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәтбек Аманбайұлы ата-аналарға жиналыс бағдарламасын таныстырды. Лицей-интернат директоры Каракоз Енсегеновна сөз бастап, уақыт бөліп жиналысқа келген ата-аналарға алғыс білдірді. "Ашық микрафон" айдарында тәрбиеші Кенжеш Курметовна жиналысқа қатысушы ата-аналармен сұхбаттасты. "Даналық мектебі" клубының жетекшісі Балжан Зулкашевна клуб жұмысын ұйымдастыру бойынша ата-аналарға презентация жасады. Ұйымдастырушы педагог Гулнар Жонысовна "Ата-аналар мектебі" жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша баяндама жасады. Педагог-психолог Мейрамгүл Кантарбаевна "EQ және үйлесімді даму" тренингін өткізді.
Ата-аналар "Даналық мектебі" клубының жұмысына қолдау білдіріп, нәтижелі жұмыс жасау мақсатында жоспар бойынша ағарту жұмыстарын жүйелі жалғастыруға келісті.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 28 Қазан 2023
-
Қаралды: 285
29 қазан - «Қамқоршы күні» мерекесі қарсаңында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының ата-аналарының қолдарымен қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатты қамқоршылық жасап отырған патронат отбасына көмек ретінде беру жоспарлануда. Қайырымдылық жәрмеңкесіне қолдау білдіріп, атсалысқан барлық ата-аналарымызға лицей-интернат әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 27 Қазан 2023
-
Қаралды: 281
Интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 7 сынып тәрбиешісі Ж.Кулмуханбетова "Жіпсіз инесіз қонжық жасау" шебер класына оқушылар қызығушылықпен қатысып түрлі сыйлықтармен марапатталды.









