Тәрбие жұмысы

“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы “Даналық мектебі” клубының #2 отырысы 8-сынып ата-анасы Жасжанова Медеухан Тобышовна “Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балаға ақыл айтпай, жол көрсету керек екенін түсіндірді.
Ата-аналар мектебінің жұмысына белсенді қатысып, уақыттарын бөліп келген ата-аналарға алғыс білдіреміз!
Сынып тәрбиешісі Кушикбаева Айсулу Куандыковна.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік ел тірегі” тақырыбында 7 сыныбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа ұлтын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

«Ата-аналар жексенбілігі» жобасының жоспары бойынша интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 10 "Б" сынып ата-анасы Құламанова Эльмира түрлі салат дайындаудан шебер класс өткізді.
Оқушылар қызығушылықпен қатысып, ата-анаға ризашылықтарын білдірді.

 

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы "Даналық мектебі" клубының жоспары негізінде 10 "А" сынып ата-анасы Жасжанова Медеухан Тобышовна "Көркем мінез - баға жетпес байлық" тақырыбында ата-аналарға психологиялық тренинг түріндегі ағарту жұмысын өткізді. Ата-аналар мектебінің жұмысына ықпал жасап, қолдау білдірген белсенді ата-аналарымызға лицей әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспары негізінде өткізілген «Басқару менеджменті: мектеп тәжірибесі» атты облыстық семинардың практикалық бөлімі Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында өтті. Семинарға әдістемелік орталық директоры Нургалиева Жанылсын Достангалиевна қатысты.
Семинар-практикум бағдарламасы бойынша лицей-интернат мамандары төмендегідей жұмыстар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті:

Толығырақ: «Басқару менеджменті: мектеп тәжірибесі» атты облыстық семинар өтті