Қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

29 қазан - «Қамқоршы  күні» мерекесі қарсаңында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының ата-аналарының қолдарымен қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатты қамқоршылық жасап отырған патронат отбасына көмек ретінде беру жоспарлануда. Қайырымдылық жәрмеңкесіне қолдау білдіріп, атсалысқан барлық ата-аналарымызға лицей-интернат әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!