Қамқоршылар күні

Елімізде 29 қазан қамқоршылар күні екені белгілі. Осы орайда Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының "Лицей Парламенті" қамқорлық фракциясының өкілдері Сейтманбетова Инжу мен Серикова Акниет және ұйымдастырушы педагог Г.Имангалиева, ата-ана Ғалымжан Сериковичтың қолдауымен 28 баланы қамқорлықтарына алып, тәлім-тәрбие беріп отырған Жетесовтер отбасына барып мерекемен құттықтады, лицей-интернат директорының атынан алғыс хатпен марапаттады.  Қайырымдылық жәрмеңкесінен жиналған қаражат есебінен сыйлық сертификат табыстады.