Психологиялық қызмет жаңалықтары

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың қазан айының 16 жұлдызында 6 "А", 6"Б" класс оқушыларына "Ақыл сәулесі" нейрожаттығулар сабағы өтілді.
📝Мақсаты: оқушылардың ми жартышарларының белсенділігін арттыру, зейін, есте сақтау, қимыл үйлесімділігін дамыту, оқу іс-әрекетіне психологиялық дайындықты күшейту.
❇️Оқушылар нейрожаттығулар, есте сақтау, зейінді дамытуға арналған жаттығуларды қызығушылықпен белсенді орындап, сабақ барысында өздерінің есте сақтау, зейін, ойлау қабілеттерін, қимыл үйлесімділіктерін және назар тұрақтылығын көрсете білді.
❇️Ұйымдастырушы: психолог М.Истигулова

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың қыркүйек айында оқушыларды достыққа, татулыққа, өзгеге құрметпен қарауға, адалдыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеуге және өзара дұрыс қарым-қатынасты насихаттау мақсатында 6-11 класс оқушыларына "Адал болу-әр адамның міндеті" тақырыбында бірыңғай адалдық сағаты өтті.
❇️Ұйымдастырушылар: психолог М.Истигулова, әлеуметтік педагог Г.Имангалиев



Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың 29 тамыз күні «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.
📚Педагогикалық кеңеске Ақтөбе облысы бойынша "Өрлеу" Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі Асанбай Бадигуль Зейнуллаевна, лицей-интернат әкімшілігі, лицей-интернат педагогтары қатысты.

Толығырақ: №1 педагогикалық кеңес

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың қыркүйек айының 18 жұлдызында жаңадан қабылданған 6 "А" класс оқушыларына арналған «Hello, жаңа әлем!» атты психологиялық тренинг өтті.
📝Тренинг мақсаты: оқушылардың бір-бірімен жақынырақ танысуына, өзара сенім мен достық қарым-қатынасты нығайтуына жағдай жасау.
❇️Тренинг барысында оқушылар түрлі қызықты ойын-жаттығуларға қатысты. «Айнадағы мен» ойынында әркім өзін жаңа қырынан таныстырса, «Энергия үштігі» сергіту сәтінде көңілдері көтеріліп, белсенділік танытты. Ал «Көңілді театр» ойыны шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталып, оқушыларға күлкі мен қуаныш сыйлады. «Менің бойымдағы құнды қасиеттер» жаттығуы арқылы әр оқушы өз артықшылықтарын ашып көрсетіп, өзгелердің жақсы қасиеттерін аңғарды.
❇️ Жалпы тренинг оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, жақсы атмосфера мен достықты орнатуға ықпал етті.
❇️Ұйымдастырушы: психолог М.Истигулова. Тренингке 6 "А" класс тәрбиешісі Г.Елманова қатысты.

Ағымдағы жылдың 12 күні  буллингтің алдын алу мақсатында «БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» тақырыбында педагогтерге вебинарды психолог М.К.Истигулова өткізіп, кең көлемде кейс, жағдаяттар арқылы талқыланып, тиімді шешімдер жолдары қарастырылып, «Халықаралық көмек сұрау белгілері» атты бейнеролик көрсетілді және баланың қауіпсіз дамуына ықпал ететін педагогикалық қолдау тетіктері айқындалды.