"Салауатты отбасы-жарқын болашақ кепілі" тимбилдинг

Отбасы күнін мерекелеу аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қыркүйек айының 13 жұлдызында "Салауатты отбасы-жарқын болашақ кепілі" атты 6-7 сынып ата-аналары мен балалары арасында тимбилдинг ұйымдастырылды. ????Шара жаңадан қабылданған оқушылар мен ата-аналар арасында достық, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өтті. ❇️Лицей-интернат директоры К. Е. Тлеумагамбетова тимбилдингті ашып, топтарға сәттілік тілей отырып, белсенді ата-аналарға алғыс білдірді. ❇️Нәтижесінде: ????Бас жүлде "Шаңырақ" тобы 7 "Б" сынып ????1 орын "Достық" тобы 6 "Б" сынып ????2 орын "Қыран" тобы 6 "А" сынып ????3 орын "Бірлік" тобы 7 "А" сынып ❇️Белсенділік танытқан ата-аналарға, оқушыларға, қолдау білдірген тәрбиешілерге шексіз ризашылық білдіреміз.