"Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы" атты кездесу кеші

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай С.Бәйішов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасыда өткен "Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы" атты  кездесу кешіне лицей-интернаттың информатика пәнінің мұғалімі Бейсова Нургуль Бақтыгереевана қатысты. Шараға қатысушылар Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, халқымызға ғасырлар бойы арман болған, бұл күн - Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі екендігін айтты. Осынау күннің қасіретін еске алып, қыршын кеткен қазақ жастарының ерлігі жайында сөз сөйледі.