Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ағарту жұмысын жүргізді
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 18 Қаңтар 2024
-
Қаралды: 157
Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні лицей-интернаттың кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты Бисенов Мадияр Байқадамұлы мен №2 Сазды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Мухамбетказина Аймереке Нурмуханқызы 6-11 сынып оқушыларымен кездесіп, оларға құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ағарту жұмысын жүргізді. Ағарту жұмысы кезінде оқушыларға түнгі мезгілде көшеде белгіленген уақыттан кейін жүрмеу, зиянды заттардан аулақ болу, әлімжеттік, бопсалау жасамау, үшкір және кескіш қаруларды өздерімен бірге алып жүрмеу, сабақтан себепсіз қалмау тақырыптары бойынша түсіндіріліп, кеңестер берілді.