Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 18 Қаңтар 2024
-
Қаралды: 167
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-матемтаикалық лицей-интернатында 2024 жылдың 17 қаңтар күні құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы өтті.
Құқық кеңесінің күн тәртібінде:
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық және балалар арасындағы қылмыстың, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар туралы лицей инспекторы Бисенов Мадияр Байқадамұлы баяндама жасады.
2. Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында І жарты жылдық бойынша атқарылған жұмыстар туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есенғұл Сәтбек Аманбайұлы есеп берді.
3. Әлеуметтік бейімделмеген оқушыларды үйірмелерге, спорттық секцияларға, қосымша білім алуға жұмылдыру бойынша әлеуметтік педагог Имангалиева Гулнар Жонысовна ақпарат берді.
4. «Тәуекел» тобына жататын оқушылармен жасалған жұмыстар бойынша лицей психологы Истигулова Мейрамгуль Кантарбаевнаның есебі тыңдалды.
5. Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыруда сынып тәрбиешілерінің жүргізген жұмыстары туралы «Педагогика-психология» бірлестігінің жетекшісі Айетова Балжан Зулкашевна баяндама жасады.
Сонымен қатар құқық кеңесінің отырысына Ақтөбе қаласы №2 Сазды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Мухамбетказина Аймереке Нурмаханқызы қатысты.