"Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз" тақырыбында кездесу өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 22 Ақпан 2024
-
Қаралды: 212
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының мемлекеттік мүдделі органдармен бірлесіп атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін 22 ақпан күні Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы РҚБ филиалының басшысы Мустафина Асель Сагингалиевнамен "Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз" тақырыбында 9 сынып оқушылары кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты: “Сыбайлас жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Кездесу барысында Асель Сагингалиевна медиа-орталықтың жұмысы туралы сонымен қатар жемқорлыққа қарсы облыс көлемінде жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Оқушылар спикерді мұқият тындап, баяндама ақталған соң өздерін ойландырған сұрақтарын қойды. Жиын соңында оқушылар кездесуден алған әсерлері мен түйген пікірлерін айтып кері байланыс жасады.
Сынып тәрбиешілері Айетова Балжан Зулкашевна және Нугманова Кенжеш Курметовна.