Ата-аналар жиналысы өтті
 

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 10 "Б" сыныбында 2024 жылдың 19 қаңтар күні «Бала тәрбиесі - отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қозғалды:
1. ІІ оқу тоқсаны бойынша сыныптың оқу үлгерімі, тәртібі бойынша сынып тәрбиешісі Р.Туреханова ақпарат берді.
2. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Ақтөбе қаласы Полиция Басқармасы Жергілікті полиция бөлімі Ювенальдық полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Маликова Гульдана Руслановна мен Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы # 2 ҚПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция капитаны Жасұлан Абатұлы Сабыртай ата-аналарға ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
3. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша ағарту жұмысы бойынша «Даналық мектебі» клубына мүшесі Сарсенбаева Алтынгул Айткалиевна «Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы» тақырыбында баяндама жасады.