Тәрбие жұмысы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 29 қыркүйек күні өткізілген Өзін-өзі басқару үкіметінің кезекті Лицей Президенті сайлауының қорытындысын жариялайды.
⚜Сайлау қорытындысы бойынша сайлауға қатысушылардың 29,6% дауысын жинаған 10 "А" сынып оқушысы ҚОЙШЫБАЙ ӘБДІРАХМАН лицей президенті болып сайланды.
⚜Президентті ұлықтау салтанатты жиыны қазан айында өтетін Республика күніне жоспарлануда.

 

❗️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023-2024 оқу жылына арналған оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Лицей Президенті сайлауы өтуде. ❗️Сайлау таңертеңгі сағат 8:00-де мемлекеттік гимінді орындаумен және лицей-интернат директоры Карагөз Енсегеновнаның құттықтауымен басталды. ❗️Өзін-өзі басқару ұйымы үшін маңызды науқанда алғашқылардың қатарында президенттікке ұсынылған үміткерлер өз дауыстарын берді. ❗️Сайлау процесінің тәртіпке сай әрі әділ өтуін қалағалау үшін бақылаушылар жұмыс жасауда.

2023 жылдың 5 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының “Педагогика және психология” бірлестігінің алғашқы отырысы өтті.
Отырыста сынып тәрбиешілеріне жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесіне енгізіліп жатқан құндылыққа негізделген “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” түсіндірілді.

Толығырақ: “Педагогика және психология” бірлестігінің алғашқы отырысы өтті

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Әрқашан күн сөнбесін" тақырыбында оқушылардың шығармашылығы мен қиялын дамыту, достық, ынтымақ, татулық қасиеттерін тәрбиелеу мақсатында асфальтқа сурет салынды. Оқушылар топтаса отырып, түстердің сәтті үйлесімін таңдау арқылы, тақырыпқа сай композиция жасап безендірді. Ұйымдастырушылар Г.Имангалиева, М.Истигулова.

Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыру және кәсіби бағдар беру мақсатында  Ақтөбе облысының білім басқармасының ықпалымен ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Ақтөбе облыстық  мамандандырылған                     физика-математикалық лицей-интернаттың 10 -11 класс ер балаларына Ақтөбе қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімінде «Ашық есік» ұйымдастырылды.