«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазағым!» атты салтанатты жиыны өтті

25-қазан Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазағым!» атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиын лицей-интернат директоры К.Е.Тлеумагамбетованың құттықтау сөзімен басталды, әріптестеріміз Оқу –ағарту министрлігінің және Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиын өнерпаздардың өнерімен жалғасты. Домбыра үйірмесінің жетекшісі Тельман Досжан Мәуленұлының жетекшілігімен «Балбырауын» күйі , 6 сынып оқушыларының орындауында «Болашағы біз елдің» әні шырқалды. Мерекелік жиын кезінде Лицей парламенті ұлықталып, фракция мүшелері тағайындалды. Лицей-интернаттың туын экс-президент Әбдірашит Ерсұлтан жаңадан сайланған лицей-интернат президенті Қойшыбай Әбірахманға тапсырды. Өзін-өзі басқару үкіметінің сайланған жаңа құрамы өз жұмыстарын жауапты, тиянақты атқарады деген сеніммен салтанатты жиынды жаңа құрамдағы парламенттің орындауындағы «Мен қазақпын» әнімен аяқтады.