Психологиялық қызмет жаңалықтары

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қазан айында 6"А","Б" класс оқушыларына ""Relax day" тақырыбында арттерапия өтті.
????Мақсаты: оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, өзара әрекеттесудің топтық және тұлғааралық қарым-қатынастарын нығайту, ішкі жан әлемінің үйлесімді дамуын және шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту.
❇️Оқушылар ұйымдастырылған арттерапияға өте жоғары белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты.
❇️Арттерапия арқылы оқушыларда жағымды көңіл-күй қалыптасып, жасаған жұмыстарына көңілдері толып, бір-біріне қолдау, ризашылық білдірді және топта өзара бірлескен қарым-қатынас нығая түсті.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының «Мамандығым-болашағым» жобасы және Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы "Болашаққа жолдама" облыстық кәсіби бағдар беру жобасы аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қазан айының 1 жұлдызында 9 сынып оқушылары Edunavigator.kz платформасы арқылы кәсіби бағдар беру диагностикасынан өтті.
❇️Бұл платформа оқушының архетипіңе сәйкес Қазақстанның оқу орындарында мамандық пен оқу бағдарламасын таңдайтын кәсіби бағдар беру платформасы.
❇️Кәсіби бағдар беру тестілері халықаралық ғылыми әдістемелерге сәйкес құрастырылған.
❇️Аталған диагностикалық жұмысты оқу ісінің орынбасары К.Ж.Кулымов, психолог М.Истигулова ұйымдастырды.
❇️Диагностика арқылы оқушылар болашақтағы кәсіптік бағыттарын анықтады.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қыркүйек айының 18 жұлдызында "Сырғалым" қыздар клубы жоспарына сәйкес "Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді" тақырыбында қыз балалармен кездесу өтілді. ????Мақсаты: "Сырғалым" қыздар клубының мақсатымен таныстыру, қыз бала гигиенасы, физиологиялық даму ерекшеліктері туралы түсіндіру, ерте жүктіліктің алдын алу, қыз балалардың жүріс-тұрыс әдебін сақтау, қазақ қызына лайық болуға үйрету. ❇️Кездесу барысында лицей-интернат дәрігері Г.С. Есмагамбетова "Қыз бала гигиенасы және физиологиялық жетілу ерекшеліктері"; -интернат меңгерушісі А.Б. Ахметова "Қыз балалардың интернат ішіндегі жүріс-тұрыс әдебі" -әлеуметтік педагог Г.Ж.Имангалиева "Мектеп формасының сақталуы мен ішкі тәртіп"; -психолог М.К.Истигулова "Қыздарға әсемдік жарасады" тақырыптарында қыз балаларға кеңес өткізді. ✅Кездесу соңында қыз балалармен кері байланыс жасалып, бүгінгі қозғалған тақырыптар кеңірек талқыланды.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қыркүйек айының 9-10 жұлдызында 6 "А,Б" класс оқушыларымен "Жаңа орта-жаңа таныстық!" тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
????Мақсаты: оқушылардың жаңа ортаға бейімделуіне мүмкіндік беру, өзіндік жеке тұлғалық ерекшеліктері мен бойларындағы жақсы қасиеттерді тану, достық қарым-қатынасты нығайту.
❇️Тренингке 6 "А" класс кураторы С.Абдуллина қатысты.
Тренинг аясында оқушыларда бірлесіп жұмыс жасау, жақсы қарым-қатынас пен көңіл-күй, өз бойларындағы тұлғалық қасиеттерді танып, өзара достық ниет пен жағымды атмосфера қалыптасты.

Толығырақ: "Жаңа орта-жаңа таныстық!" психологиялық тренинг

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың мамыр айының 24 жұлдызында 11"А,Б" класс оқушылары үшін "ҰБТ-ға сеніммен!" тақырыбында психологиялық тренинг өтілді.
????Тренинг мақсаты: ҰБТ -ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу дағдыларын, сенімділіктерін нығайту, стреске қарсы тұру қабілеттерін дамыту, көңіл-күйлерін көтеру, топтық бірлікті нығайту.
❇️Оқушылар ұйымдастырылған тренингке белсенді қатысып, бірліктерін, дағдыларын, стреске қарсы тұру қабілеттерін, сенімділіктерін көрсетті, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлады.
❇️Ұйымдастырушылар: тәрбие ісінің орынбасары С.А.Есенғұл, әлеуметтік педагог Г.Имангалиева, психолог М.Истигулова.