Психологиялық қызмет жаңалықтары

💠💠💠💠💠💠💠💠Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 25 - 29 сәуір аралығында 6-8 класс оқушылары үшін "Капитан" тренингі өтілді.
💠Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынастарын дамыту, жағымды ахуал қалыптастыру, зейін аудару, есте сақтау үрдістерін жетілдіру.
💠Оқушылар берілген тренинг шарттарын еркін орындады, топтық жұмыстар оқушылардың зейінін, есте сақтауын, ой процесінің жылдамдығын арттыруға, жағымды ахуал қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 23 сәуірінде ата-аналар жиналысының екінші бөлімі кластарда жалғастырылды, мұнда "Қазіргі кездегі дұрыс тамақтану- сәтті болашақ" тақырыбында ата-аналар комитетінің баяндамасынан басталып, класс тәрбиешісінің сыныптың III оқу тоқсаны бойынша оқу-тәрбие процесі туралы есебі тыңдалды.
🌀Ата-аналарды өздерінің және балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру, жарасымды қарым-қатынас қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында психолог М.Истигулова "Жарасымды көңіл-күй" тақырыбында тренинг өткізді, ата-аналар тренингке қызығушылықпен қатысты.

📚📚📚📚📚📚📚📚Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика–математикалық мектеп–интернатында 2022 жылдың 8 - ші сәуірінде «ЖАҢАША ОЙЛАУ МЕН ЖАҢАША ІС-ӘРЕКЕТТЕР-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» АТТЫ МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.
✍️ Мақсаты: жаңартылған білім беру жағдайында пәндерді оқытуда пән мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін жоғарылата отырып, өзіндік ізденістерін арттыру.
📝МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ жұмысын әдістемелік кеңес жетекшісі Аяуова Р.К. ашып, пән мұғалімдері: «Жаңару мен жаңғыру» стратегиясын жүзеге асырудағы мұғалімнің ықпалы - Зейнулла Р., математика пәні мұғалімі, «Использование нестандартных форм обучения на уроках русского языка и литературы» Селбаева К.С., орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, «Математикадағы қиындықтар және оны шешу жолдары » -Саржанов О., математика пәні мұғалімі, шығармашылық топ мүшесі, «Жаңа дәуір мектебі: жаңа көзқарас» белсенді оқу-әдістерін қолдану- Султанмуратова А. Н., орыс тілі пәні мұғалімі,шығармашылық топ мүшесі, «Үздік оқушы дайындау үшін...»- Биржанова А, математика пәні мұғалімі, «Жаңа сабаққа – жаңаша көзқараспен» - Нажмадинов М., математика пәні мұғалімі өз іс – тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп психологі М.Истигулова «Қарым- қатынас жарастығы» атты психологиялық тренинг өткізді.
📚Конференция жұмысы өте жоғары деңгейде өтті.

🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 4-7 сәуір аралығында "Жарасымды көңіл-күй" тренинг-караоке 9,10,11 кластарға ұйымдастырылып өтілді.
✍️ Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін реттеу, өзара жарасымды қарым-қатынас сыйлау, Отанға, елге, ата-анаға, ұстазға, достарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
🎼Караокеге оқушылар белсенділікпен, жоғары көңіл-күймен, ерекше ықыласпен қатысты. Ұйымдастырылған караоке оқушылар үшін жақсы атмосфера сыйлады.

💎💎💎💎💎💎💎💎Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың наурыз айының 31 жұлдызында 6-8 класс оқушылары арасында жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруға арналған "Комплимент" және "Сергіту" жаттығулары өтілді.
💠 Мақсаты: оқушылардың эмпатия деңгейін көтеру, өзара қарым-қатынастарын, көңіл-күйлерін арттыру.
💠Оқушылар ұйымдастырылған жаттығу жұмыстарына өте белсенді әрі қызығушылықпен қатысты. Жаттығу жұмыстары оқушыларға жағымды атмосфера сыйлады.