Психологиялық қызмет жаңалықтары
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 15 Қаңтар 2024
-
Қаралды: 189
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қаңтар айында 6-11 класс оқушылары үшін "Қауіпсіз өмір-қауіпсіз интернет". Кибербуллинг. Буллинг тақырыптарында психологиялық ағарту жұмысы өтілді.
????Мақсаты: әлеуметтік желінің қарым-қатынасқа пайдасы мен зиянын, кибербуллинг және буллинг одан қорғану, әлеуметтік желіні оңтайлы пайдалануға үйрету.
✅Психологиялық ағарту жұмысы аясында оқушылар әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын, кибербуллинг, буллинг, интернеттегі қауіпсіздік туралы мәлімет алып, топтық жұмыс жасап, пікірлерін ортаға салды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 12 Қаңтар 2024
-
Қаралды: 164
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қаңтар айының 12 жұлдызында педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде:
- Білім беру жетістіктерінің мониторингіне қатысу барысындағы жұмыстардың ұйымдастырылуы;
- ІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының қорытындысы/К.Ж.Кулымов - оқу ісінің орынбасары/,
- Орта білім беру ұйымдарындағы педагогтің қызметін бағалау құралдары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру/С.А.Есенғұл- тәрбие ісінің орынбасары/,
- Оқушылар арасындағы СӨС сақтау, діни сауаттылық, экстремистік, террористік, төтенше жағдайлар, маскүнемдік, нашақорлық, ЖИТС-тің алдын алу бойынша ата-аналармен, мамандармен бірлесіп жұмыс жүргізудің тәсілдері/Г.Имангалиева-педагог- ұйымдастырушы/,
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 09 Қаңтар 2024
-
Қаралды: 122
"Дарын" республикалық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен 3-5 қаңтар 2024 жылы «ЗАМАНАУИ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫ: ИДЕЯДАН НӘТИЖЕГЕ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ DARYN EDUEVENT
БАҒДАРЛАМАСЫ аясында Астана қаласында өтілген республикалық шараға лицей-интернатымыздың оқу ісінің меңгерушісі Қ.Ж.Кулымов және психолог М.К.Истигулова қатысып, лицей-интернат жұмыстарын таныстырды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 26 Желтоқсан 2023
-
Қаралды: 95
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың желтоқсан айында 9-11 сынып оқушылары үшін мамандыққа бағытталған кинотерапия өтті.
✅Мамандық таңдауда бағдар беріп, үлкен өмірге дайындау мақсатында фильм режиссері Серік Таласовтың шынайы оқиғаға сүйенген "Қызыл диплом” толықметражды фильмі көрсетілді.
✅Басты кейіпкердің өз қалауынан тыс мамандықты таңдап, мамандықты таңдауда сәттілікке жетпегені, өзіне берілген мүмкіндікті елемей, түрлі қиындықтарға тап болуы, уақыт өте келе өз жүрек қалауымен қызығушылығын оятып, шебер маман болғаны шынайы суреттелген.
❇️Фильм соңынан оқушылармен кері байланыс жасалып, қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес мамандық таңдау қажет екені, сонымер қатар фильм көрінісіндегі өмірден алынған тұрмыстық жағдайлар, адал достық, қамқорлық, еңбекқорлық, салауатты өмір салты кеңінен талқыланды. Ұйымдастырушы: психолог М.Истигулова.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 13 Желтоқсан 2023
-
Қаралды: 92
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың желтоқсан айының 13 жұлдызында әӘдістемелік кеңес.
????Мақсаты: білім беру үрдісін ұйымдастыруда пән мұғалімдерінің әдістемелік тәжірибе алмасуын дамыту.
Әдістемелік кеңес аясында:
- "PISA зерттеулеріне негізделген тапсырмаларды физика сабақтарында тиімді пайдалану"/Б.Ж.Сулейманов-физика пәнінің мұғалімі/,
- "Физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативті технологияларды, физикалық эксперименттерді қолдану"/Б.Ж.Есенғали, А.Б.Узакбаева-физика пәнінің мұғалімдері/,
- "Биология, география сабақтарында STEM тәсілдерін қолдану"/Г.А.Маясарова, И.Е.Ысымова- пән мұғалімдері/,
- "Сабақ өткізудің тиімділігі" /Г.А.Елманова- көркем еңбек пәні мұғалімі/ мәселелер қаралып, лицей-интернат психологі М.К.Истигулова "Жағымды аура" психологиялық тренингін өткізді.
✅Әдістемелік кеңес пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуының негізінде кәсіби шеберліктері мен жұмыс өнімділігінің көтерілуіне негіз болды.