Психологиялық қызмет жаңалықтары
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 15 Қыркүйек 2022
-
Қаралды: 60
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қыркүйек айының 14- де пәндерді оқытуда пән мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін, өзіндік- шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында әдістемелік кеңес өтілді. Жаңа оқу жылындағы алғашқы кеңес жұмысын әдістемелік кеңес жетекшісі Р.К.Аяуова ашты. Кеңес аясында "Ұлағат" кәсіби- шығармашылық топтың жұмыс жоспарын топ жетекшісі Г.Б.Сатаева және "Жас қанат" жас мамандар мектебінің жұмыс жоспарын А.Н.Султанмуратова таныстырды. "Математика сабақтарында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру жолдары" математика пәні мұғалімі О.Саржанов, "Геометриялық денелердің 3д иллюстрациясы" математика пәні мұғалімі М.Нажмадинов, "Геометрияны оқытуда "Geogebra" бағдарламасының тиімділігі" математика пәні мұғалімі А.Жолмагамбет, кеңес барысында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік кеңес соңында "Педагогикалық ұжымның мотивациялық дайындығы" атты сауалнама жұмысын психолог М.Истигулова өткізді.
Әдістемелік кеңес жұмысы алдағы мақсат-міндеттерді жүйелеп,жаңа оқу жылында ұйымдастырылатын іс-шараларға басымдылық берді.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 28 Мамыр 2022
-
Қаралды: 126
🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың мамыр айының 27- ші жұлдызында 7 класс оқушыларымен "Жазғы мектеп" аясында психологиялық акция "Пикник" ұйымдастырылып өтілді.
✅Акция мақсаты: жасөспірімдерге жағымды көңіл - күй сыйлау, ұжыммен қарым - қатынасын нығайту, өзара достық қарым - қатынасты орнатуда психологиялық қолдау көрсету.
✳️Оқушылар өзара серіктес, дос болу арқылы топтық жұмыстарға, бірлескен жұмыстарға белсенді қатысты.
✳️Табиғат аясында өткен акция оқушылар үшін әсерлі, жағымды сезімге толы болды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 21 Мамыр 2022
-
Қаралды: 111
📚АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНДА 2022 жылдың мамыр айының 20-шы жұлдызында «ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ КЕРУЕНІ – 2022 ЖЫЛ» атты әдістемелік дөңгелек үстел өткізілді.
✍️МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ жұмысын әдістемелік жетекші Аяуова Р.К. ашып, «Табыстылыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі мақсаты»-Хайрулла Е, көркем еңбек пәнінің мұғалімі және «Бірлестіктердегі жүргізілген әдістемелік жұмыстың қорытындысы – Саржанов О., Бозшин Б., Сагингалиева Б., Рамазанова А., Айетова Б – бірлестік жетекшілері жыл бойы жүргізілген өз жұмыстарын қорғады.
📝Дөңгелек үстел аясында "Жарасымды көңіл-күй" психологиялық тренингін психолог Истигулова М.К. өткізді.
📝Әдістемелік дөңгелек үстел жоғары деңгейде, жағымды атмосферада өтті.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 17 Мамыр 2022
-
Қаралды: 104
📚📚📚📚📚📚📚Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың мамыр айының 11-16 аралығында 9,11 класс оқушыларына ҰБТ және мемлекеттік емтиханды сәтті тапсыруы үшін психологиялық кеңес жұмысы ұйымдастырылды.
📝ҰБТ – ға, емтиханға дайындалу кезінде оқушыларды өзінің мінез – құлқын және эмоцияларын басқара алуына үйрету, өзін – өзі бағалау деңгейін жоғарлатуға кеңес жұмыстары мен оқушылардың өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділігін нығайту мақсатында жаттығу, тренинг жұмыстары өтілді.
Оқушыларға емтиханды сәтті тапсыруға жадынама ұсынылды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 17 Мамыр 2022
-
Қаралды: 118
🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀🌀Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың мамыр айының 10-16 аралығында 9,10,11 класс оқушылары үшін "Позитивті ойлау" тақырыбында психологиялық тренинг өтілді.
✍️Тренингтің мақсаты:
сүйіспеншілік құндылығы арқылы жағымды ойлауды дамыту.
📝Міндеттері:
оқушылардың «жағымды және жағымсыз ойлау» ұғымдарының мазмұнын ашу;
• позитивті ойлаудың адам өмірі мен денсаулығы үшін маңыздылығын түсіндіру, жағымды ойлау дағдыларын игеруге ықпал ету.
🗂️Тренинг барысында позитивті ойлаудың 5 артықшылығы жаттығуы ұйымдастырылып, оқушылар бірлесе қызығушылықпен жұмыс жасады.
🖊️Тренинг арқылы оқушылар жағымды ойлау әрқашан жағымды өмірге жетелейтінін түсініп, жағымсыз ойларды позитивке өзгерту қабілетін жетілдіре түсті.