Психологиялық қызмет жаңалықтары
"Ойынға салауатты көзқарас"
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 14 Қазан 2026
-
Қаралды: 3
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2026 жылы 14 қазанда 9-сынып оқушыларына "Ойынға салауатты көзқарас"
(Лудоманияның алдын алу) тақырыбында профилактикалық сабақ өтті.
📝Мақсаты: оқушыларға лудоманияның мәнін түсіндіру, құмар ойындардың зияны мен салдары туралы түсінік қалыптастыру, саналы шешім қабылдауға үйрету.
❇️Нәтижесінде: оқушылар лудомания мен жай көңіл-көтерудің айырмашылығын түсінді, құмар ойындардың психологиялық, әлеуметтік және қаржылық зардаптарын білді, жеке шекараны сақтау және қауіпті жағдайларда көмек сұрау дағдыларын меңгерді. Салауатты демалыстың маңызын түсініп, жауапкершілік пен өзін-өзі бақылаудың қажеттілігін ұғынды.
❇️Ұйымдастырушылар: психолог М.Истигулова, әлеуметтік педагог Г.Имангалиева.
