Психологиялық қызмет жаңалықтары

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың желтоқсан айының 13 жұлдызында әӘдістемелік кеңес.
📝Мақсаты: білім беру үрдісін ұйымдастыруда пән мұғалімдерінің әдістемелік тәжірибе алмасуын дамыту.
Әдістемелік кеңес аясында:
- "PISA зерттеулеріне негізделген тапсырмаларды физика сабақтарында тиімді пайдалану"/Б.Ж.Сулейманов-физика пәнінің мұғалімі/,
- "Физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативті технологияларды, физикалық эксперименттерді қолдану"/Б.Ж.Есенғали, А.Б.Узакбаева-физика пәнінің мұғалімдері/,
- "Биология, география сабақтарында STEM тәсілдерін қолдану"/Г.А.Маясарова, И.Е.Ысымова- пән мұғалімдері/,
- "Сабақ өткізудің тиімділігі" /Г.А.Елманова- көркем еңбек пәні мұғалімі/ мәселелер қаралып, лицей-интернат психологі М.К.Истигулова "Жағымды аура" психологиялық тренингін өткізді.
✅Әдістемелік кеңес пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуының негізінде кәсіби шеберліктері мен жұмыс өнімділігінің көтерілуіне негіз болды.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика - математикалық лицей - интернатында 2023 жылы 27-29 қараша аралығында "Бақыт" фракциясының көшбасшылары Қайырғали Гүлсезім, Ерболат Айдана, Құламанова Ақниет және психолог Мейрамгул Истигулованың ұйымдастыруымен, лицей -интернат Парламентінің мүшелерінің қолдауымен "Құпия дос" акциясы өтті. 📝Акция мақсаты: адал да шынайы достықты дәріптеу, жанына жақын достарына əдемі де, жарқын көңіл - күй сыйлау. ❇️"Құпия дос" акциясының құпия сыйлықтары ізгі құрметпен 30 күні кеште иелеріне табысталды, акцияға лицей-интернат оқушылары өте белсенді қатысып, өз достарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық лицей - интернатында 2023 жылдың қараша айының 14-20 жұлдызы арасында 6-10 класс оқушылары арасында Өмір сабақтары: "Өмірді бағала!" тақырыбында өтілді. Психологпен бірлескен жұмысқа класс тәрбиешілері К.Жазықбаева, А.Кушикбаева, Р.Туреханова қатысты.
📝Мақсаты: оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, агрессивті мінез – құлықтың және құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын алу, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру, балалардың өмірге деген қызығушылығын ояту.
❇️Өмір сабағы аясында өмір және өмірдің мәні, өмірдегі кездесетін жағдайлар, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың және буллингтің салдары және қылмыстық жауаптылық туралы кеңінен түсіндіріліп, оқушылармен кең көлемде пікірлесу өтті.
❇️Оқушылар өмір адамға маңызды және адамзаттық құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілетінін, тұлға ретінде құқықтық жауапкершілікті сезініп, өмірді бағалау керек екенін ұғынды.

 

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың қазан айында психологиялық қызмет аясында 6"А", 6"Б", 7, 8 класс оқушыларына "Суреттік техника" тақырыбында арттерапия өтілді.
📝Мақсаты: ішкі жан әлемінің үйлесімді болуын, жағымды ахуалды, өмірлік дұрыс ұстанымды, жауапкершілікті және өз-өзіне талдау жасауды қалыптастыру.
✅Арттерапия оқушыларға бойындағы шығармашылық, коммуникативтілік, жауапкершілік, визуализация сияқты құзыреттіліктерді қалыптасуға және ортаға бейімделу қабілетін арттыруға, шаршаудан арылтуға, жағымды ахуал қалыптастыруға мүмкіндік берді, арттерапия оқушыларға қызықты, әсерлі болды.


Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылы қазан айының 9-10 жұлдызында 6 "А,Б" класс оқушыларына «Эмоция энергиясы» тақырыбында психологиялық түзету-дамыту жұмысы өтілді. 📝Мақсаты: Оқушылардың көңіл - күйлерін реттеу, өз эмоциясын басқаруға және басқаның эмоциясын түсінуге үйрету, өзара қарым – қатынасты нығайту. ✅Аталған жұмыс оқушыларға жақсы әсер қалдырды, өзара пікірлесу, өзара қарым-қатынас жасау орын алды, эмоция және оның маңызы, әсері, түсіну туралы білімдерін кеңейтті. ✅Түзету-дамыту жұмысына 6 "А" класс тәрбиешісі К.Қ.Жазықбаева және педагог-ұйымдастырушы Г.Ж.Имангалиева қатысты.