Психологиялық қызмет жаңалықтары
№1 педагогикалық кеңес
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 29 Қыркүйек 2025
-
Қаралды: 1
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың 29 тамыз күні «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.
📚Педагогикалық кеңеске Ақтөбе облысы бойынша "Өрлеу" Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі Асанбай Бадигуль Зейнуллаевна, лицей-интернат әкімшілігі, лицей-интернат педагогтары қатысты.
📝Күн тәртібінде:
1) Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы:
- Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі (15.08.2025)
- "Ұстаз" платформасы- кәсіби дамудың кілті.
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзекті мәселелері,
- ҚР ОАМ әдістемелік-нұсқаулық хаты, жаңа нормативтік актілермен және бағдарламаларға шолу /оқу ісінің орынбасары Қ.Ж.Жазықбай/,
- "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының мәселелері, білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары,
- Профилактикалық кеңес, мобильді топ құрамы, "Әдеп кеңесі", ҚР Оқу-ағарту министрінің №92 бұйрығы негізінде психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру, ҚР Оқу-ағарту министрінің №506, №386 бұйрықтарын таныстыру /тәрбие ісінің орынбасары С.А.Есенғұл/,
- 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізудің тұжырымдамалық тәсілдері.
2) Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3) Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы мәселелер кеңінен талқыланып, оқу-тәрбие барысында жүзеге асыру аясында педагогикалық кеңес шешімі қабылданды.
❇️Педагогикалық кеңес аясында лицей-интернат психологі М.Истигулова "Ұстаз-жүректерді оятушы" тақырыбында тренинг өткізіп, жаңа оқу жылында ұстаздарға мотивация беріп, олардың кәсіби әлеуетін арттыруға серпін болып, жарқын көңіл-күй мен жігер сыйлады.



