Психологиялық қызмет жаңалықтары
«Менің ең қымбатты нәрсем — өмірім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 08 Қазан 2026
-
Қаралды: 3
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2026 жылы 8 қазан күні 7,8,9 класс қыз балалары арасында «Менің ең қымбатты нәрсем — өмірім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
❇️Дөңгелек үстелді #6 Қалалық емхана СӨСҚ (салауатты өмір салтын қалыптастыру) мейірбикесі Бурибаева Айнур Алтаевна,
психолог Истигулова Мейрамгул Кантарбаевна, әлеуметтік педагог Имангалиева Гулнар Жонысовна,
"Сырғалым" қыздар клубының жетекшісі Кушикбаева Айсулу Куандыковна ұйымдастырды.
📝Мақсаты: қыз балаларға адам өмірінің ең жоғары құндылық екенін түсіндіру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға және қажет кезде көмек сұрауға үйрету.
❇️#6 Қалалық емхана СӨСҚ (салауатты өмір салтын қалыптастыру) мейірбикесі Бурибаева Айнур Алтаевна кездесу барысында қыз балаларға өмірдің қадірі, денсаулықты сақтау, қауіпсіздік және психологиялық қолдаудың маңыздылығы туралы кең мағынада талқылау өткізді.Маман тарапынан дөңгелек үстелде қыз балаларға кеңестер берді.
❇️"Жасырылған қасиеттер" тренингі арқылы қыз балалардың бойында кездесетін қасиеттердің дұрыс-бұрысын бағалап, өзіне жауапкершілікпен қарау туралы түсініктерін кеңейтті, кері байланыс жасалып, қыз балалардың ой-пікірлері тыңдалды.
