«Менің эмоциям – менің ресурсым» психологиялық тренинг өтті

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2026 жылы 7 қазан күні «Менің эмоциям – менің ресурсым» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
📝Тренинг мақсаты: оқушылардың
эмоционалдық сауаттылығын арттыруға, өз эмоцияларын түсіну және басқару дағдыларын қалыптастыруға, психологиялық тұрақтылығы мен ішкі ресурстарын дамытуға, ортада жақсы қарым-қатынас орнатуға, болашақ арман-тілектеріне жол таба білуге бағытталды.
❇️Тренингке 7,8,9,10 сыныптарға жаңадан қабылданған оқушылар қатысты.
Ұйымдастырушылар: психолог М.Истигулова, әлеуметтік педагог Г.Имангалиева.