Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2026 жылы 16 қазанда 7 "Б" сынып оқушыларына "Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам"(Интернет алаяқтықтың алдын алу) тақырыбында профилактикалық сабақ өтті.
📝Мақсаты: Оқушыларға интернет алаяқтығының алдын алу жолдарын түсіндіру, жеке ақпаратты қорғау және цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету.
❇️Сабақ барысында оқушылар интернет алаяқтығының кең таралған түрлерімен танысып, күмәнді хабарламалар мен жалған сілтемелерді ажырату жолдарын үйренді. Жеке деректерді қорғау, интернетте қауіпсіз әрекет ету және алаяқтық жағдайында дұрыс шешім қабылдау мәселелері талқыланды.
Ұйымдастырушылар: әлеуметтік педагог Г.Имангалиева, психолог М.Истигулова.