Психологиялық қызмет жаңалықтары
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 12 Қыркүйек 2025
-
Қаралды: 11
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйек күні «АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» тақырыбындағы сыныптардың ата-аналар комитеті төрайымдары мен «Әкелер кеңесі» төрағаларының және сынып тәрбиешілерінің 1 отырысы өтті.
❇️Отырысты лицей-интернат директоры К.Тлеумагамбетова сыныптар бойынша сайланған ата-аналар комитеттерінің төрайымдары мен әкелер кеңесінің төрағаларына жұмыстарына сәттілік тілеумен ашып берді.
Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 10 Қыркүйек 2025
-
Қаралды: 9
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың 10 қыркүйегінде "Қыздарға әсемдік жарасады" тақырыбында 8-11 класс қыз балаларына арналған дөңгелек үстел өтті.
📝Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.❇ "Сырғалым" қыздар клубының жетекшісі Нугманова Кенжеш Курметовна қыздармен жұмыстың жылдық жоспарымен таныстырды.
❇ "Жасдәурен" жастар денсаулық орталығы мамандары: акушер-гинеколог Мұқанбет Салтанат Нурланқызы, психолог Алиева Әсем Ерланқызы, №6 қалалық емхана СӨСҚ маманы Ділманова Бағдагул Әбутәліқызы ерте жүктіліктің салдары туралы қыздармен кең көлемде ой бөлісті. Олар жасөспірімнің денсаулығына зиян, психологиялық күйзеліс, білім алу мен болашақ арман-мақсаттарына үлкен кедергі болатынын нақты мысалдармен түсіндірді.
❇ Әңгіме барысында лицей-интернат дәрігері Есмагамбетова Гульмира Сагидуллаевна, медбике Шаукенбаева Гулзада Калкабаевна қыздарға салауатты өмір салтын ұстанудың, жеке гигиена сақтаудың, бейәдеп қылықтардан бойларын сақтаудың, жауапкершілікті сезінудің және өз болашағына сеніммен қараудың маңызы ерекше екенін атап өтті.❇ Дөңгелек үстел аясында психолог Истигулова Мейрамгул Кантарбаевна, әлеуметтік педагог Имангалиева Гулнар Жонысовна "Қыздарға әсемдік жарасады" тақырыбында қыздарға кеңес берді.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 23 Мамыр 2025
-
Қаралды: 7

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың мамыр айының 23 күні педагогикалық кеңес өтті.
📝Күн тәртібінде:
- Оқу жылы бойынша оқу-тәрбие жұмысының есебі.
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен белгіленген бағдарламалық материалдың көлемі мен сапалылығының орындалуын бақылау/оқу ісінің орынбасары К.Ж.Кулымов/,
- ІҮ тоқсан және жылдық қорытынды бойынша білім сапасының нәтижесі. "Алтын белгі", "Үздік аттестатқа" үміткер оқушыларды ұсыну/оқу ісінің орынбасары К.Ж.Кулымов/,
- "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 2024-2025 оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебі/тәрбие ісінің орынбасары С.А.Есенғұл/,
- Жазғы демалыстың ұйымдастырылу жоспарын таныстыру,
❇️Ағымдағы мәселелер бойынша кәсіподақ жетекшісі Н.Б.Бейсова қызметкерлердің еңбек демалысы туралы және психолог М.Истигулова "Сақшыларды оқыту" туралы ақпарат беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді.
❇️Педагогикалық кеңес соңында күн тәртібіндегі мәселелері бойынша оң шешімі шығарылды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 21 Мамыр 2025
-
Қаралды: 8
📝Мақсаты: түлектердің ҰБТ мен емтихан алдындағы күйзелісін жеңілдету, өз-өзіне сенімділікті арттыру, мотивация беру және жағымды көңіл-күй қалыптастыру, болашаққа бағыттау, лицей өмірінен жарқын да әдемі естеліктер қалдыру.
❇️Тренинг барысын лицей-интернат директоры К.Е.Тлеумагамбетова ашып, түлектерге үлкен өмірге басқан қадамдарына ақ жол тілеп, сәттілік тіледі.
❇️Оқушылар ұйымдастырылған тренингтер, жаттығулар, ойындарда белсенділік танытып, караокемен көңілді ән орындады.
❇️Тренинг соңында түлектерге жеміс-жидектермен пайдалы сый "Түлектер дәрумені" мен балмұздақ ұсынылды.
❇️Лицей Парламентімен бірге "КЕШЕ ОҚУШЫ, БҮГІН-ТҮЛЕК!" тақырыбындағы фотогалереяны көру ұсынылды.
❇️Тренингті ұйымдастырушылар: Тәрбие ісінің орынбасары С.А.Есенғұл, әлеуметтік педагог Г.Имангалиева, психолог М.Истигулова, 11"А" класс тәрбиешісі Г.Елманова, 11"Б" класс тәрбиешісі Р.Туреханова және Лицей Парламенті.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 16 Сәуір 2025
-
Қаралды: 373
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың сәуір айының 14-18 жұлдызы аралығында «Ұлағат» кәсіби, шығармашылық топтың жас мамандарға көмек корсету апталығы аясында Тарих және тілдер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Микроокыту әдістері, тәсілдері және құралдары» тақырыбында коучинг өтті.
❇️Аталған коучингте "Ұлағат" кәсіби, шығармашылық топтың жетекшісі Г.Б.Сатаева, Тарих және тілдер бірлестігінің жетекшісі С.К.Нұрмағанбетова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Т.Ә.Орынбасарова, К.Қ.Жазықбаева, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.А.Куписова, ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Нагметова озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
❇️Коучинг соңында лицей психологі М.К.Истигулова "Позитивті ой-жетістікке жетелер жол", "Жарасымды қарым-қатынас" тренингтерін өткізді.





