«Жаңа орта – жаңа әлем» атты танысу тренингі өтті

❇️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2026 жылы 28 қыркүйекте 7 "В" класс оқушыларына «Жаңа орта – жаңа әлем» атты танысу тренингі өтті. 📝Тренингтің мақсаты: жаңадан қабылданған оқушылардың бір-бірімен жақынырақ танысуына және сыныпта достық, өзара бірлік, жағымды қарым-қатынас, жоғары көңіл-күй орнатуына жағдай жасау. ❇️Тренингте оқушылар өздерінің ерекше хоббилері мен бойындағы жақсы қасиеттері арқылы бір-бірін жақынырақ танып, көңіл-күйлері көтеріліп, достық қарым-қатынасты нығайта түсті. ❇️Ұйымдастырушылар: психолог М.Истигулова, класс тәрбиешісі М.Маратова