Психологиялық қызмет жаңалықтары
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 30 Қаңтар 2023
-
Қаралды: 22
💠💠💠💠💠💠💠💠Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылы 9-11 класс арасында оқушыларға мамандық түрлері, мамандықтың адам өміріндегі маңызы, өз бейіміне қарай мамандық таңдауға баулу, кәсіби бағдар беру мақсатында "Болашаққа саяхат" тақырыбында психологиялық тренинг өтілді.
📝Тренинг барысында оқушылар бүгінгі таңдағы заманауи мамандықтарға шолу жасап, "Мамандық әлемінде", "Ең беделді, ең табысты, ең көңілді, ең таза мамандықтар" бағытында жұмыстанды және кәсіби бағдар аясында болашаққа саяхат жасады.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 30 Қаңтар 2023
-
Қаралды: 59
💠💠💠💠💠💠💠💠Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылы 9-11 класс арасында оқушыларға мамандық түрлері, мамандықтың адам өміріндегі маңызы, өз бейіміне қарай мамандық таңдауға баулу, кәсіби бағдар беру мақсатында "Болашаққа саяхат" тақырыбында психологиялық тренинг өтілді.
📝Тренинг барысында оқушылар бүгінгі таңдағы заманауи мамандықтарға шолу жасап, "Мамандық әлемінде", "Ең беделді, ең табысты, ең көңілді, ең таза мамандықтар" бағытында жұмыстанды және кәсіби бағдар аясында болашаққа саяхат жасады
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 23 Қаңтар 2023
-
Қаралды: 58
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 16-20 қаңтар аралығында 6-11 класс оқушыларына "Қауіпсіз өмір-қауіпсіз интернет", "Кибербуллинг", "Буллинг" тақырыптарында психологиялық ағарту жұмыстарын М.Истигулова өткізді.
✅Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны, "Кибербуллинг" "Буллинг" және оның салдары, қорғану жолдары туралы оқушылармен бірлескен топтық жұмыстар өтіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салып, психологиялық білімдерін толықтырды.
Оқушылармен өткізілген ағарту жұмысына класс тәрбиешілері қатысты.
✅Ағарту жұмысы аясында әлеуметтік желіні оңтайлы пайдалануға, өзінің психологиялық, физикалық саулығына мән беруге, өз қауіпсіздіктеріне назар аударуға, дер кезінде мамандарға көмекке жүгінуге кеңестер берілді.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 23 Қаңтар 2023
-
Қаралды: 55
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 19 қаңтарында "Бой түзеу, әуелі ой түзеу" тақырыбында лицей-интернаттың үйден қатынап оқитын қыз балаларымен "Сырғалым" қыз балалар клубының отырысы өтті.
📝Күн тәртібінде "Қыз бала гигиенасы" және "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" мәселелері қаралды.
✅ "Сырғалым" қыз балалар клубының жетекшісі К.Нугманова, лицей-интернат дәрігері М.Құттыбаева, педагог-ұйымдастырушы Г.Имангалиева, психолог М.Истигулова бүгінгі отырыста қыз бала гигиенасы, ерте жүктілік және одан қорғану туралы өзара пікірлесу жүргізді. Тақырыпқа сәйкес бейнебаяндар көрсетіліп, қыз бала тәрбиесі туралы кеңестер берілді.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 18 Қаңтар 2023
-
Қаралды: 44
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 18 қаңтарында "Бой түзеу, әуелі ой түзеу" тақырыбында интернат тәрбиеленушілерімен "Сырғалым" қыз балалар клубының отырысы өтті.
📝Күн тәртібінде "Қыз бала гигиенасы" және "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" мәселелері қаралды.
✅Отырысты "Сырғалым" қыз балалар клубының жетекшісі К.Нугманова ашып, лицей-интернат медбикесі Г. Шаукенбаева, педагог-ұйымдастырушы Г.Имангалиевамен бірлесіп, қыз бала гигиенасы туралы өзара пікірлесу жүргізді.
✅Лицей-интернат психологі М.Истигулова "Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" тақырыбында ағарту жұмысын өткізді.
✅Отырыс аясында күн тәртібіндегі мәселелерге орай бейнебаяндар көрсетілімі жасалып, қыз балалардың пікірлері рефлексия арқылы қорытындыланды.