2023-2024 оқу жылына арналған оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Лицей Президенті сайлауы өтуде

❗️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023-2024 оқу жылына арналған оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Лицей Президенті сайлауы өтуде. ❗️Сайлау таңертеңгі сағат 8:00-де мемлекеттік гимінді орындаумен және лицей-интернат директоры Карагөз Енсегеновнаның құттықтауымен басталды. ❗️Өзін-өзі басқару ұйымы үшін маңызды науқанда алғашқылардың қатарында президенттікке ұсынылған үміткерлер өз дауыстарын берді. ❗️Сайлау процесінің тәртіпке сай әрі әділ өтуін қалағалау үшін бақылаушылар жұмыс жасауда.