Тәрбие жұмысы

???????? НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

????Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының 03.11.2022 жылғы N752 хаты негізінде кәмелетке толмағандар арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алу мақсатында “Нашақорлыққа жол жоқ!” тақырыбында 9-10 сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді.

✅️ Сабақ мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат беру.

????Тренинг сабақты М.Оспанов атындағы медицина университетінің жанынан құрылған «Y-peer» Қазақстандық волонтерлар ұйымының еріктілері өткізуге ықпал жасады.

⚜Сынып тәрбиешілері Г.Елманова, Р.Туреханова, Е.Хайрулла.

"Дені сау ұрпақ- қоғамның қуатты күші" тақырыбында күзгі демалыс кезінде лицей- интернат оқушыларының бос уақытын тмімді пайдалану мақсатында үстел ойындары жүргізілді. Интернат меңгерушісі: Туреханова Рахила

"Табиғаттың жас қорғаушылары" күзгі каникул кезінде оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру барысында облыстық жоспар негізінде 9 "А" және 6 сынып оқушылары "Жас натуралистер " станциясына саяхат жасады.

Күзгі каникул кезіндегі облыстық жоспар аясында “Қауіпсіз демалыс-2022” атты 8”Б” сынып оқушылары арасында өткен еркін форматта сурет байқауы. Сынып тәрбиешісі Нугманова Кенжеш Курметовна.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 10»б» класс оқушылары күзгі каникул кезінде «Болашаққа қадам» тақырыбында қаламыздағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіне экскурссияға барды.Университеттің анотомиялық мұражайында болып,аға оқытушы М.С.Сарсенова оқушыларға кеңес беріп,мұражай экспонаттарымен таныстырды.Осы іс- шараны ұйымдастырған ата- ана А.Маратоваға алғысымыз шексіз.Оқушылар экскурссиядан жақсы әсер алды. Сынып тәрбиешісі З.Бекмагамбетова.