- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 12 Сәуір 2023
-
Қаралды: 326
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында педагогтер арасында "Әдеби әлем" марафонын педагогика-психология бірлестігінің ұстаздары шоқ боп маздаған, асаулығы бойынан табылар қазақтың маңдайына біткен біртуар ақындарының бірі Төлеген Айбергеновтың "Ұлттық рухтың бұлбұлы" тақырыбында поэзия сағатын өткізді. Ақынның өмірдеректері, шығармалары мен өлеңдеріне шолу жасалып, "Бір тойым бар","Адамдар","Уақыт"," Ана","Ару Ана" өлеңдері мәнерлеп оқылды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 23 Қаңтар 2023
-
Қаралды: 316
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты мен “Бибарс” спорт клубының ынтымақтастық меморандумы аясында интернат тәрбиеленушілерінің кешкі мезгілдегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында бокс секциясы жұмыс жасайды.
Бокс секциясы бокстан спорт шебері Уббаниязов Аллаяр Жолдасбаевичтың жаттықтыруымен аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері өтеді.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 23 Қаңтар 2023
-
Қаралды: 292
Салауатты өмір салтын ұстану, нашақорлыққа қарсы деструктивті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру үшін Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Муханбетжанова Самал Жоламанқызы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 9-11 сынып оқушыларымен "АИТВ-жұқпасының алдын алу" тақырыбында кездесу өткізілді.
Бұл жиын АИТВ-жұқпасын жұқтырмау жолдары туралы білім деңгейін арттыру мақсатында жүргізілді.
Кездесу барысында оқушылар адамның имунитет жоятын қатерлі дерт пен оның адам ағзасындағы дамуына қатысты көптеген пайдалы ақпарат алды. Салауатты өмір салтын ұстануда негізгі жауапкершілік әр адамның өзіне жүктелетіндігі жөнінде ой түйді.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 09 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 309
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 7-сынып оқушылары "Денсаулығың өз қолыңда" тақырыбындағы сыныптан тыс шарасы аясында "Ақтөбе арена" мұз айдынына барды.
Сынып тәрбиешісі: Кушикбаева Айсулу Қуандыковна
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 09 Желтоқсан 2022
-
Қаралды: 310
"Қамқорлық" фракциясының жоспарына сәйкес лицей-интернаттың ата-аналарының қолдауымен "Мейірім" қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге атсалысқан барша ата-аналарымызға лицей әкімшілігінің атынан алғыс білдіреміз!
