Тәрбие жұмысы

"Дені сау ұрпақ- қоғамның қуатты күші" тақырыбында күзгі демалыс кезінде лицей- интернат оқушыларының бос уақытын тмімді пайдалану мақсатында үстел ойындары жүргізілді. Интернат меңгерушісі: Туреханова Рахила

"Табиғаттың жас қорғаушылары" күзгі каникул кезінде оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру барысында облыстық жоспар негізінде 9 "А" және 6 сынып оқушылары "Жас натуралистер " станциясына саяхат жасады.

Күзгі каникул кезіндегі облыстық жоспар аясында “Қауіпсіз демалыс-2022” атты 8”Б” сынып оқушылары арасында өткен еркін форматта сурет байқауы. Сынып тәрбиешісі Нугманова Кенжеш Курметовна.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 10»б» класс оқушылары күзгі каникул кезінде «Болашаққа қадам» тақырыбында қаламыздағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіне экскурссияға барды.Университеттің анотомиялық мұражайында болып,аға оқытушы М.С.Сарсенова оқушыларға кеңес беріп,мұражай экспонаттарымен таныстырды.Осы іс- шараны ұйымдастырған ата- ана А.Маратоваға алғысымыз шексіз.Оқушылар экскурссиядан жақсы әсер алды. Сынып тәрбиешісі З.Бекмагамбетова.

«Күзгі серуен, күзгі демалыс, күзгі ғажап!» күзгі каникул кезіндегі оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру бойынша құрылған облыстық жоспар негізінде 8 «А» сынып оқушыларының «Күзгі сыйлықтар» атты онлайн-көрмесі. Сынып тәрбиешісі: Г.Оралбаева