Қарттар мерекесімен құттықтады

1 қазан - Халықаралық қарттар күні және 5 қазан - Ұстаздар күні қарсаңында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының кәсіподақ төрайымы Нұргүл Бейсова физматтың ең алғашқы директоры болып қызмет атқарған ұлағатты ұстаз Ізбасаров Болат Ізбасарұлын және жұбайы Ешмұратова Лида апайымызды мерекемен құттықтап құрмет көрсетті.

Мереке қарсаңында лицей-интернаттың 10 "Б" сынып тәрбиешісі Туреханова Рахила Жумабековна
оқушылары және ата-аналарымен бірге көп жылдар бойы физика-математикалық мектеп-интернатында жатақхана меңгерушісі болып қызмет атқарған ұлағатты ұстаз Романова Гүлжан апайымызды құттықтап құрмет көрсетті.

Физика-математикалық мектеп-интернатта ұзақ жылдар бойы физика пәнінен ұстаздық қызмет қылған ұлағатты Кожекенова Алтыншаш апайымызды лицей-интернаттың 11 "А" сынып оқушылары мен тәрбиешісі Сисенов Қайрат Максутович мерекесімен құттықтап құрмет көрсетті.

Ұлағатты ұстаз Имангазиева Маржан апайымызды мерекесімен құттықтау құрметі лицей-интернаттың 11 "Б" сынып оқушылары мен белсенді ата-аналарына, сынып тәрбиешісі Бекмагамбетова Задагул Хамитаевнаға бұйырды.

Ардагер ұстаздарымызды мерекесімен құттықтау легін 10 "А" сынып оқушылары жалғастырды. Олар сынып тәрбиешісі Елманова Гүлдәурен Акылбаевнамен бірге көп жылдар бойы физматтағы жатақхана тәрбиеленушілерінің екінші анасындай болған аяулы ұстаз Саржанова Гүлшара апайымызға құрмет көрсетті.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында тарих пәннің мұғалімі болған Енсегенова Ботагөз апайымызды мерекесімен құттықтауға 9 "Б" сынып оқушылары тәрбиешісі Нугманова Кенжеш Курметовнамен барды.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 6 "Б" сынып тәрбиешісі Алдонгарова Толғанай Анарбеккызы мен оқушылары ардагер ұстаз Жанбуршина Кайнаргул апайымызды мерекесімен құттықтап құрмет көрсетті.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында биология пәнінің мұғалімі болған ұлағатты ұстаз Әбіреш Қалия апайымызды мерекесімен құттықтап 8 сынып оқушылары мен тәрбиешісі Кушикбаева Айсұлу Куандыковна құрмет көрсетті.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында ұзақ жылдар бойы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметінде болған аяулы ұстаз Утебаева Асима апайымызды мерекесімен құттықтауға 6 "А" сынып жетекшісі Алмагуль Нуртаевна мен сынып тәрбиешісі Көркемай Қайсарқызы және 6 "А" сыныбының оқушылары барды.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты ашылған уақыттан бері жатақханада тәрбиеші болып қызмет еткен ұлағатты ұстаз Отжағарова Сәуле апайымызды мерекесімен құттықтап 7 сынып оқушылары мен тәрбиешісі Жанна Кулмуханбетова және лицей психологы Мейрамгул Кантарбаевна барды.