"Әрқашан күн сөнбесін" тақырыбында асфальтқа сурет салу

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Әрқашан күн сөнбесін" тақырыбында оқушылардың шығармашылығы мен қиялын дамыту, достық, ынтымақ, татулық қасиеттерін тәрбиелеу мақсатында асфальтқа сурет салынды. Оқушылар топтаса отырып, түстердің сәтті үйлесімін таңдау арқылы, тақырыпқа сай композиция жасап безендірді. Ұйымдастырушылар Г.Имангалиева, М.Истигулова.