Тәрбие жұмысы


26 ақпан 2022 жылы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 10-11 класс оқушылары мен "Ақтөбе облысының дін  істері басқармасы" «Аңсар ақпараттық-талдау орталығының» ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог маманы Асанов Нұрлан Әділханұлы және орталықтың психолог маманы Касенов Ақжол Нұрланұлымен «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Толығырақ: Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу

🥊Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады.
🥊Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
🥊Осы орайда мектеп-интернат оқушыларының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында бокстан спорт шебері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Уббаниязов Ерәділ Жиенбайұлының қолдауымен мектебімізде бокс секциясы жұмысын бастады.
🥊Бокс ақылдыларға ар­нал­­ған спорт түрі. Мамандар жат­тығу кезінде әрбір қимылыңның нақты­л­ығына математикалық формула секіл­ді көз жеткізіп отыру арқылы соқ­қының күшін және қарсыласың­ның әрекеттерін логикалық түрде болжауды үйрететінін айтады.
🥊Әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері
бокстан спорт шеберлігіне үміткер Шокбаров Нурлыбек Нурланович мектеп-интернаттың ер балаларын сағат 18:00 - 19:30 аралығында жаттықтырады. Бокс секциясына мектеп-интернаттың 55 тәрбиеленушісі қатысып, дене дайындықтарын шынықтыруда.

#физмат#тәрбие

@bilim_basqarmasy_aqtobe
@bilim_jane_gylym
@aqtobe_obl_sport

Қазақтың тұрмыс-салтында бала тәрбиесімен тікелей әйел адам айналысқанымен, ер азаматтың қас-қабағы, мысы, бір ауыз сөзі, бейнесінің өзі көп нәрсені шешеді. Көбіне мектеп қабырғасында әке тәрбиесін ер мұғалімдер теңестіріп, балалардың мінез-құлықтарының қалыптасуына оң ықпал береді. Міне, осы көзқарас ұлттық педагогикамызда ерлердің маңыздылығын арттырып отыр.

Осы орайда оқу жылының басында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ер мұғалімдеріне тәрбие жұмысына етене араласу мақсатында, қоғамдық жұмыс ретінде қосымша кластар бөлініп берілген болатын.

Бүгін мектеп-интернаттың ер мұғалімдері өздеріне бекітілген кластарына тәрбие сағаттарын өткізді. Ағайлардың креативті идеяларының арқасында әртүрлі форматтағы тәрбие сағаттарының куәсі болдық.
Шәкірттерінің "Ағай!" деген үнінен қуат алып, тәуелсіз елдің ертеңгі ұландарын тәрбиелеп жүрген ер мұғалімдеріміз көпке үлгі.

 21 қаңтар күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының “FM” пікірталас клубының жетекшісі Михас Арухан Михасқызы мен клуб президенті Джумакулова Диана Амангалиевнаның ұйымдастыруымен 6-8 класстар арасында “Пікірталас негіздері” атты кездесу өтті.
Кездесу барысында балаларға пікірталас ойындарының басты қағидаларын түсіндіріліп,олардың пікірталасқа қатысты сұрақтарына жауап берілді.Кэйс,Дефиниция,Status Q,Философия,Спикер,Фракция,Сараптама,Аргументация ұғымдарына анықтама беріліп,оқушыларда пікірталас мәдениеті қалыптастырылды.

#Тәуелсіздікке30жылАқтөбе
#Qazaqstan30
#MeninQazaqstanym
#Тәуелсіздіктұмарым
#ТәуелсіздіктұмарымАқтөбе
#АқтөбеҰшқыройалаңы
#ДебатЛидері

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. 
Дәл осындай игі ниеттегі ізгі іс - "Мейірім" қайырымдылық жәрмеңкесі Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында 25.12.2021 жылы  Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында өтті.  Мектеп - интернатта 10:00-ден басталған жәрмеңкеде тәтті тағамдар  сатылымға қойылды.  Толығырақ: Игі ниеттегі ізгі іс - "Мейірім" қайырымдылық жәрмеңкесі