Сырғалым" қыз балалар клубының жиналысы

????????????????????????????????????????????????????????
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 5 ақпанында "Сырғалым" қыз балалар клубының жиналысы 9-10-11 сынып қыз балаларының қатысуымен "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында өтті.
???? Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
????Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәтбек Аманбайұлы мен "Сырғалым" қыз балалар клубының жетекшісі Кенжеш Курметовна ашты.
???? "Сан сауал" өмір тағылымы бейнебаяны арқылы мәселелердің оң шешімін бірге талқылау арқылы жиналыс жалғасты. Мұнда қыз тәрбиесі, қыз баланың өскен ортасы мен білім алған мекенін және ата-ананы құрметтеуі, қыз бала гигиенасы, зиянды әдеттерге әуес болмауы, жүріс-тұрыс әдебі, ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері кеңірек талқыланды.
????Педагогика-психология бірлестігінің жетекшісі, ардагер ұстаз Балжан Зулкашевна қыз балаларға өмірлік ақыл-кеңестерін ұсынды және педагог-ұйымдастырушы Гулнар Жонысовна мен психолог Мейрамгул Кантарбаевна Ә.Нұршайықовтың "Қыздарға өсиет" айдары бойынша рефлексия өткізді.

@bilim_basqarmasy_aqtobe
@bilim_gylym_kasipodagy
@bilim_jane_gylym

#физмат#тәрбие