Тәрбие жұмысы

⚜Бүгін 24 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан 6655 әскери бөлімі Ұлттық Ұлан Академиясының курсанттары Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының оқушыларымен кездесу өткізді.

Толығырақ: Ұлттық Ұлан Академиясының курсанттары оқушылармен кездесті

????????????????????????????????????????????????????????
"Экология және еңбек" фракциясының белсенді оқушылары Рашидұлы Ұлан мен Сарабек Аружанның ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан "Табиғатты қоқыстардан тазартайық!" атты сурет байқауы.

#физмат#тәрбие

⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜
✴Бүгін 23 ақпан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ер балаларына Ауған соғысының ардагері, Мемлекеттік «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы, жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Қойлыбаев Марат Айтуғанұлымен «Тәртіп-тәрбиенің бастауы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ: «Тәртіп-тәрбиенің бастауы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

????????????????????????????????????????????????????????
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"жобасы аясында оқушылардың қолынан шыққан БУКТРЕЙЛЕРДІ ұсынамыз!!!

????Қанша  жер­ден интернет дамып, электронды оқу­лық пен кітаптар қолданысқа ене бас­таса да, қолға ұстап оқитын кітаптың қадір-қасиеті ерек­ше екені белгілі.

????Осы орайда мектеп-интернатымыздың ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сатаева Галия Бахытовнаның жетекшілігімен 7 "Б" класс оқушысы Құлдыбаев Батырхан өзі оқыған шетел әдебиетінің мазмұны бойынша буктрейлер жасады.

????Француз жазушы Жюль Верннің
1874 жылы жарық көрген шытырман оқиға жанрындағы "Құпия арал" романы.

#физмат#тәрбие

⛸⛸⛸⛸⛸⛸⛸⛸⛸⛸⛸
Мектебімізде өткізілген қысқы ойындар эстафетасын 11 класс оқушылары мұз айдынында жалғастырады.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында бүгін мектеп-интернатта тәрбиеленіп жатқан 11 класс оқушыларына ата-аналардың қолдауымен "Мұз айдыны" сарайында белсенді демалыс ұйымдастырылды.

#физмат#тәрбие