Тәрбие жұмысы

Тәлімді тәрбие әр отбасынан бастау алады. Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы.
????????????????????????????????????????????????????????????
Ата-аналардың өзара ынтымақтастығын нығайту мақсатында 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Ата-ана мектеп-бір тілек" атты ата-аналар арасында волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.
Жолдастық кездесуге:
????6 кластан "Тәуелсіздікке тарту" командасы;
????7 "А" класынан "Қыран" командасы;
????7 "Б" класынан "Эверест" командасы;
????8 "А" класынан "Оқжетпес" командасы;
????8 "Б" класынан "Болашақ" командасы;
????9 "А" класынан "Жалын" командасы;
????9 "Б" класынан "Сұңқар" командасы;
????10 "А" класынан "Темірқазық" командасы;
????10 "Б" класынан "Алаш арландары" командасы;
????11 кластан "Бірлік" командалары қатысты.

Салауатты өмір салтын қолдап, кластарының абыройын ойлап, жарысқа белсенділік танытып қатысқан ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!

1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай барлық сыныптарда "Елбасы салған сара жол" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Тұңғыш Президенттің тұлғасы негізінде білім алушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту;

#Тәуелсіздікке30жылАқтөбе

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2021 жылдың 27 қараша күні оқушылардың құқықтық білімдері жəне заң алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында, жасөспірімдерді қылмыстық əрекеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру аясында мектеп-интернаттың кəмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі  инспекторы, полиция лейтенанты Айтқұл Бекжан  Нұрбекұлымен  кездесу өтізілді.  Кездесуде оқушылар  қылмыстық жауапкершілік түрлерімен танысты.

⚜Адал ұрпақ тәрбиелеу-қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін, мектеп қабырғасынан бастап, халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген ұрпақ тәрбиелеу басты борышымыз.
⚜ Осы мақсатта ағымдағы жылдың 26 қараша күні мектепішілік әкелер кеңесінің мүшесі Данағұл Айбол Данағұлұлының бастамасымен "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Серікжанов Қуанышбек Серікжанұлымен кездесу ұйымдыстырылды. Кездесуге
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының "Адал ұрпақ" еріктілер клубының белсенділері қатысты.
⚜Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың жалпы мемлекетке қауіп төндіретіні, адамдардың әл-ауқатының жақсаруына кедергі келтіретіні, экономиканың құлдырауына әкеп соғатыны, ұйымдасқан қылмысқа жол берілетіні туралы түсінік берілді.
⚜Оқушылар тарапынан сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кездесу аясында "Парасатты адам" моделі құрастырылды.