Бокс секциясы ашылды

????Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады.
????Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.
????Осы орайда мектеп-интернат оқушыларының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында бокстан спорт шебері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Уббаниязов Ерәділ Жиенбайұлының қолдауымен мектебімізде бокс секциясы жұмысын бастады.
????Бокс ақылдыларға ар­нал­­ған спорт түрі. Мамандар жат­тығу кезінде әрбір қимылыңның нақты­л­ығына математикалық формула секіл­ді көз жеткізіп отыру арқылы соқ­қының күшін және қарсыласың­ның әрекеттерін логикалық түрде болжауды үйрететінін айтады.
????Әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері
бокстан спорт шеберлігіне үміткер Шокбаров Нурлыбек Нурланович мектеп-интернаттың ер балаларын сағат 18:00 - 19:30 аралығында жаттықтырады. Бокс секциясына мектеп-интернаттың 55 тәрбиеленушісі қатысып, дене дайындықтарын шынықтыруда.

#физмат#тәрбие

@bilim_basqarmasy_aqtobe
@bilim_jane_gylym
@aqtobe_obl_sport