Тәрбие жұмысы

ФУТБОЛ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ ШАРАСЫ.

Марапаттау шарасын "Спорт және салауатты өмір салты" фракциясының белсендісі Жеткергенов Шапағат @zhetkergen0v_o5 өткізді.

6-7 кластар арасында:
І орын – 7 «А»🥇
ІІ орын – 7 «Б»🥈
ІІІ орын – 6🥉

Толығырақ: ФУТБОЛ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ ШАРАСЫ

⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜
Дәстүр бойынша ата-аналар жиналысының 2 бөлімінде ата-аналар ІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, балаларының оқу үлгерімімен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Сонымен қатар ата-аналар мектеп әкімшілігімен сұхбаттасып мектептегі оқу-тәрбие процесіне байланысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жиналысқа келген барлық ата-аналарға алғыс білдіреміз!

#физмат#тәрбие

 

⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜ Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ата-аналары үшін санитарлық талаптарды ескере отырып ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Ата-аналар жиналысының күн тәртібі бойынша: 1. Коронавирустық инфекцияға қарсы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге "Комирнати" вакцинасын жүргізу туралы түсіндірме жұмыстарын онлайн форматта N6 қалалық емханасының мамандары жүргізді.

Толығырақ: Ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 5 ақпанында9-10-11 сынып қыз балаларының қатысуымен "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында өтті.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.

Толығырақ: "Сырғалым" қыз балалар клубының жиналысы

⚽️⚽️⚽️⚽️⚽️⚽️⚽️⚽️⚽️⚽️⚽️⚽️⚽️ 
Ақтөбе облыстық мамандадырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ер балалары арасында футбол жарысы өтті. Жарысты Мектеп Парламенті "Спорт және салауатты өмір салты" фракциясының белсендісі, 10 "А" класс оқушысы Жеткергенов Шапағат @zhetkergen0v_o5 ұйымдастырды. Жарысқа 6-11 кластардан барлығы 10 команда қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша 6-7 кластар арасында:

Толығырақ: Интернаттың ер балалары арасында футбол жарысы өтті