"Сырғалым" қыз балалар клубының жиналысы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 08 Ақпан 2022
-
Қаралды: 127
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 5 ақпанында9-10-11 сынып қыз балаларының қатысуымен "Қызға қырық үйден тыйым" тақырыбында өтті.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
???? Жиналыстың бірінші бөлімін тәрбие ісі орынбасары Сәтбек Аманбайұлы мен "Сырғалым" қыз балалар клубының жетекшісі Кенжеш Курметовна ашты.
???? Екінші бөлімінде "Сан сауал" өмір тағылымы бейнебаяны арқылы мәселелердің оң шешімін бірге талқылау. Мұнда қыз тәрбиесі, қыз баланың өскен ортасы мен білім алған мекенін және ата-ананы құрметтеуі, қыз бала гигиенасы, зиянды әдеттерге әуес болмауы, жүріс-тұрыс әдебі, ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері кеңірек талқыланды.
???? Педагогика-психология бірлестігінің жетекшісі, ардагер ұстаз Балжан Зулкашевна қыз балаларға өмірлік ақыл-кеңестерін ұсынды және педагог-ұйымдастырушы Гулнар Жонысовна, психолог Мейрамгул Кантарбаевна Ә.Нұршайықовтың "Қыздарға өсиет" айдары бойынша рефлексия өткізді.